Басты жаңалықтар
Айдарбекова Қайраттың не себепті халықаралық деңгейдегі ән байқауларына қатыспайтынын айтты
- автор kyn.kz
- 30 маусым, 2019
- 271
Продюсері: Қайратқа талай мәрте қастандық жасалмақшы болды
Әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова ұлына, келініне жалпы отбасына көреалмаушылықтан жала жауып, қастандық жасауға тырысқандардың болғанын айтты.
Оның сөзінше қарапайым халық Қайратты жақсы көреді, сол себепті оларға хабарласып, кімнің не істемекші болып жатқаны туралы талай мәрте хабарламалар түсіпті.
"Бізге хабарласып, "Қайрат сөмкесіз шықсын.Есірткі салып жіберуі мүмкін" деген сынды алдын ала ескерткен жағдайлар көп болды.
Одан қалса "Қайрат түскі асқа пәлен төлеп кетесалады екен, ішкиімі мынанша тұрады екен" дегендей алып қашпа әңгімелер өте көп. Соның барлығы көреалмаушылықтан болады деп ойлаймын",-lдейді әншінің анасы.
Айдарбекова Қайраттың не себепті халықаралық деңгейдегі ән байқауларына қатыспайтынына жауап берді.
"Қайраттың дауысы сондай керемет, диапазоны кең деп айта алмаймын. Ол конкурстық әнші емес, халықтық әнші. Оның даусы жағымды, өзіндік мәнері бар. Сондықтан да оны халық сүйіп тыңдайды. Бұйыртса, АҚШ бойынша жоспарлар бар.
Оған аздап тіл үйреніп, содан кейін барып кірісеміз. Жақында тағы бір киноның сценариін жазып, дайындап қойдық. Бұйыртса, алдағы уақытта жаңа комедия жанрындағы фильмді назарларыңызға ұсынамыз",-деді Гүлзира Айдарбекова.
Келесі мақала