Басты жаңалықтар
Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?
- автор kyn.kz
- 22 желтоқсан, 2019
- 20.0k
Дәрігер: Жылы сумен, интимдік гельмен , сабынды мейлінше аз пайдалану .рН нейтралды, ароматизаторсыз, спиртсіз болу керек.
Қынаптық бөлініс (выделения)- ол әйел адамдар да көптеп кездесетін мәселелердің бірі болып саналады. Ол әйел адамдардың денсаулық индикаторы болып табылады. KYN.KZ сайты қынаптық бөлініс және интимді гигиенаны дұрыс сақтау ережелерін назарларыңызға ұсынады.
Қынапта өзіне тән микрофлора, яғни қалыпты жағдайда да лактобактерия, аэробты бактериялар болады және қышқылдық орта(рН 4,0 — 4,5). бар. Қышқылдық орта сол микрофлораға қолайлы және патологиялық, ауру тудыратын бактериялардан қорғайды.
⠀
Қынаптағы күнделікті бөлініс болуы заңды, қалыпты.
Қынаптағы қалыпты тәуліктік бөлініс — 1 ден 4 мл-ге дейін.
⠀
Түсі: ақ, ақшыл, сәл сарғыштау.
⠀
Иісі: иіссіз немесе сәл қышқыл иіс бар.
⠀
Қынап бөлінісіне не әсер етеді:
1️⃣Тамақтану;
2️⃣Жыныстық белсенділік;
3️⃣Дәрілік препараттар;
4️⃣Стресс;
5️⃣ Контрацептивтер;
6️⃣Менструальды цикл фазасы;
7️⃣Жүктілік;
8️⃣Инфекция;
9️⃣Гигиеналық құралдар (сабын, гель, төсеме лер, тампон );
⠀
Әр әйелде өзіне тән(түс, мөлшері, иіс, консистенция) қалыпты қынаптық бөлінісі болады және ол өзгеріп отырады.
⠀
Егер осы белгілер болса тез арада гинекологқа барыңыз:
Бөлініс көлемі көбейсе, түсі өзгерсе
Қышу
Күйдіру, дуылдау
Тітіркену,қызару;
Зәр шығару кезінде ауырсыну;
Жыныстық қатынас кезінде ауырсыну;
⠀
Негізгі себептері, көп жағдайда:
Вульвовагинальды кандидоз ("молочница")—бөлініс творог сияқты болады, қышу, ауырсыну, қызару т.б;
Трихомониаз—сары, жасыл түсті сұйық, жағымсыз иісті бөлініс;
Бактериальды вагиноз—сұр, ақшыл түсті, балық иісі тәрізді бөлініс.
Басқа да себептер:
Вагинит;
Цистит;
Аллергиялық реакция.
Жыныстық жолмен жұғатын инфекциялар.
⠀
Сондықтан өзгерістер болған жағдайда гинекологқа барыңыздар.
⠀
Енді интимді гигиена туралы
⠀
Күн сайын 1-2 рет сыртқы жыныс мүшелерін жуу(қынапқа кірмей ).
⠀
Жылы сумен, интимдік гельмен , сабынмен мейлінше аз пайдалану.рН нейтралды, ароматизаторсыз, спиртсіз болу керек.
⠀
Киім қысып тұрмау керек, іш киім табиғи матадан жасалған.
⠀
Жуынған кезде алдан артқа қарай, яғни қынаптан тік ішекке қарай.
⠀
Етеккір кезінде 5-6 рет төсеме ауыстыру, жиі жуыну.
⠀
Қынапқа түрлі антисептик құйып қажет емес.
⠀
Егер жиі ауыстырып тұрса күнделікті төсемелер пайдалы да зиянды емес.
Жиі ауыстырмаса инфекция көбеюге қолайлы орта болады, кейде аллергиялық реакциялар береді.
Күнделікті төсемелерді бөлініс көп болмаса пайдаланып қажет емес.
⠀
Күнделікті төсемелерді қолданасыз ба?
Келесі мақала