Пятница, 27 января, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Адыраспан – бел ауруларына ем

Адыраспанды кавказ халқы ұйықтататын дәрі ретінде пайдаланады.

08.01.2020
0
Адыраспан – бел ауруларына ем

Адыраспан – түйетабандар тұқымдасына жататын, тарамдалған бұтағы мол, мыңжылдық шөптесінді өсімдік, оның жапырақтары кезектесе орналасады. Бозғылт-сары гүлдері жеке-жеке өседі. Жемісі қоңыр түсті, диаметрі 1 сантиметрдей шар тәріздес қауашақ. Биіктігі 30-60 сантиметрдей, мамыр-шілде айларында гүлдейді. KYN.KZ сайты адыраспан шөбінің ауыруларды емдейтін қасиетін баяндайды.

Адыраспан құрамында улы гармин және гармалин алкалоидтары, гүлі мен бұтағында пеганин алкалоиды болады. Адыраспан – улы өсімдік, сондықтан оны тек дәрігердің нұсқауымен ғана пайдалануға болады.

Кепкен адыраспан

Емдік мақсатта адыраспанның шөбін яғни сабағын, жапырақтары мен гүлдерін пайдаланады. Адыраспан – ежелден белгілі дәрілік өсімдік. Кезінде Ибн Сина оны сегізкөз жүйкесі қабынуы кезіндегі шаншуды басатын дәрі ретінде пайдалануға кеңес берген.

Халық медицинасында адыраспан ревматизм, қышыма және басқа да тері аурулары кезінде бұлау жасауға пайдаланылады, ал шөбінен жасалған қайнатпа суық тигенде, безгек ауруларына, жүйке жүйесінің әлсіреуіне және ұстама ауруларына ем болады. Адыраспанды кавказ халқы ұйықтататын дәрі ретінде пайдаланады. Оның шөбін жағып, түтінімен бас ауруын емдейді және жұқпалы ауру-сырқауы бар адам жатқан бөлмені ыстап залалсыздандырады.

Емдік қасиеті жағынан адыраспан Орта Азияда ертеден белгілі болған. Бұл жерде оның ұрығын зығыр тұқымымен қосып демікпені емдейді, қара немесе қызыл бұрышқа араластырып тері ауруларына қарсы жағады. Тер шығаратын дәрі ретінде, сонымен қатар ревматизмді емдеуге қолданады.

Адыраспан шөбінің қайнатындысы мен тұнбасы бас ауруды басып, адамды тыныштандырады, сырқатты асқындырмауға көмектеседі. Сонымен қатар, белге суық тигенде адыраспан көмегімен емдеуге болады. Ол үшін кептірілген, ұнтақталған 50 грамм адыраспан шөбін шүберекке түйіп, сыртынан қайнаған су құяды. Сәлден соң суын сығып, қалтаны жылы күйде белдің ауырған тұсына басып, үстіне қыздырғыш (грелка) қояды. Белді осылай күніне 30-40 минуттан бер рет булау керек. Бір қалта адыраспанды ыстық суға қайталап салып төрт рет пайдалануға болады.

Адыраспан улы өсімдік болған соң, оны емге ішкен кезде аса сақ болған жөн.

Бөлісу6Твит4
  • «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев  сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    3940 бөлісу
    Бөлісу 1576 Твит 985
  • «Қыркүйекте тойымыз болуы керек еді»: Раймның 7 жыл жүрген қызы Ерке Есмахан мен экс-жігіті жайлы айтты

    4846 бөлісу
    Бөлісу 1938 Твит 1212
  • Анасы: Өзінен он жас үлкен әйел ұлымды ғашық етіп, енді қаматқалы отыр. Балам қамалса әйелді өртеймін

    2134 бөлісу
    Бөлісу 854 Твит 534
  • Министр Ажар Ғиният полицияға бұрынғы вице-министрдің үстінен арыз жазды

    1722 бөлісу
    Бөлісу 689 Твит 431
  • «Аузынан, іш киімінен бірнеше адамның шәуеті шықты»: Әскерде асылып өлді деген сарбаздың адвокаты жан түршігерлік деректер айтты

    1593 бөлісу
    Бөлісу 637 Твит 398
  • 52 жастағы Түсіпбаева өзіне 29 жастағы жігіттің жазған хатын көрсетті

    1480 бөлісу
    Бөлісу 592 Твит 370
  • 4 баланың анасы: Өзімнен он жас кіші ғашық жігіт айтқанына көнбегенім үшін ұрып, зорлап, үйімді өртеп кетті

    1479 бөлісу
    Бөлісу 592 Твит 370
  • «Інімді өлтірген адамды да кешірді»: Нұрлан Өнербаев марқұм әкесін еске алып, көз жасына ерік берді

    2128 бөлісу
    Бөлісу 851 Твит 532
  • Raim Ерке екеуінің үйленгенін әжуалап, сын айтқандарды ұялтып тастады

    1303 бөлісу
    Бөлісу 521 Твит 326
  • Студент: Ақшасын төлеген адамның мұңын тыңдап, уақытша «досы» болып жұмыс істеймін

    1116 бөлісу
    Бөлісу 446 Твит 279
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.