Баланың әр жаңа пайда болған қылығы, әрекеті ата-анасы үшін үлкен қуаныш. Бірақ, кейде ата-аналар шыдамсыздық танытып, "қашан отырады?", "қашан еңбектейді екен?" "қашан жүреді, ананың баласы 10 айда жүрді" деген сияқты әңгімелер айтып жатады.
Баланың әр жаңа пайда болған қылығы, әрекеті ата-анасы үшін үлкен қуаныш. Бірақ, кейде ата-аналар шыдамсыздық танытып, "қашан отырады?", "қашан еңбектейді екен?" "қашан жүреді, ананың баласы 10 айда жүрді" деген сияқты әңгімелер айтып жатады. Бұл сұрақтарға KYN.KZ сайты жауап береді.
Шын мәнінде әр баланың дамуы жеке-дара. Көп балалар 5-6 айында өздігінен отыра бастайды, кей балалар одан кештеу. Бұл қалыпты. Жалпы ДСҰ мәліметтері бойынша, бала 6-9 ай аралығында отыруы қалыпты деп есептеледі.
⠀
Баланы артына жастық тіреп отырғызып үйретуге бола ма?
Болмайды, себебі, баланың омыртқасына жүктеме түсуі мүмкін. Баланың бұлшықеттері қатайып, денесін көтеруге дайын болғанда ғана баланы отырғызуға болады. Оны қалай білесіз? Баланы тіреуішсіз отырғызғанда өзі отыра алса, сол кезде дайын деген сөз. Бала отыруды өзі үйреніп кетеді, көбіне бір қырымен жатқан жерінен, кейде ішімен жатқан, сирек шалқасынан жатқан жерінен отырып алуға тырысады.
⠀
Баланы отыруға дайындау үшін не істеу қажет?
Ол үшін баланың арқа және іш бұлшықеттерін қатайтып, шынықтыру қажет. Ол үшін, баланы шалқасынан жатқан күйінде екі қолынан ұстап, жайлап өзіңізге алға тартасыз, отыруға дейін жеткізбей қайта жатқызасыз. Осылай күнде аз-аздан бастап жаттықтырасыз.
⠀
Қай кезде алаңдау қажет?
Отыру - бұл баланың қалыпты моторлы дамуының бір көрсеткіші. Егер бала әлі отырмаса, бірақ дені сау болып, басқа ешқандай шағымдары болмаса, алаңдаудың қажеті жоқ. Ал, егер бала 6-9 айда отыра алмаса, сонымен қатар жүйке-жүйесі жағынан басқа да шағымдар болып жатса, онда балалар неврологына қаратқаныңыз дұрыс.
Келесі мақала