Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?
ашық дереккөз
Дәрігер:  Өзіңіз дұрыс тамақтануыңыз керек. 2-3 ай диета ұстау керек. Яғни көкөністер, жеміс-жидектерді, газ түзуші клетчаткаға бай тағамдарды, газлы сусындарды шектеу.
Нәрестелердің көбі алғашқы айларда іші желденіп, ауырып қиналады. Іші желденуінің себептері неден пайда болады және емдеу жолдарын KYN.KZ сайты назарларыңызға ұсынады. Біріншіден, сәбилердің алғашқы айларда әлі ішектері дұрыс дамымағандықтан, желді шығара алмай, іште шаншу тудырады. Екіншіден, баланы дұрыс емізбегеннен. Яғни, баланың аузын емшек ұшы толық жаппай, бала ішіне ауа кетеді. Үшіншіден, ананың дұрыс тамақтанбауынан, көкөністер, жеміс-жидектер, газ түзу қасиеті жоғары дәнді-дақылдарды (гороx, т.б) қолдануы. Төртіншіден, баланың ағзасына сай келмейтін смесь бергеннен. Баланың іші желденуінің алдын алу үшін не істейміз? Бала туылғаннан бастап дұұрыс емізуді қолға аламыз, ауа кетіп қалуын болдырмау керек. Бала жасанды тамақтандырылатын болса, бутылканың соскасының ыңғайлысын таңдап алу керек, ауа кетіп қалмау үшін. Баланы емізіп болған соң, тік қалыпта ұстап, кекіртіп алу керек. Өзіңіз дұрыс тамақтануыңыз керек. 2-3 ай диета ұстау керек. Яғни көкөністер, жеміс-жидектерді, газ түзуші клетчаткаға бай тағамдарды, газлы сусындарды шектеу. Кофе және шай ішпеу, темекі тартпау. Бұл заттар баланың ішінде жоғары газ түзуімен қоса, баланың дамуына кері әсерін тигізуі мүмкін. Күнделікті 10 минут балаға гимнастика жаттығуларын жасау. Сіз алдын алу жұмыстарын жасамадыңыз делік. Баланың іші ауырды. Енді мынадай амалдар қолдану керек👇🏻 Баланың ішін сағат тілі бағытымен айналдыра уқалау; Ішіне жаялықты үтіктеп, ыстық етіп байлау; Баланы ішімен жатқызу; Екі аяғына "велосипед" жаттығуын жасау, екі аяғын кезекпен тізе буынында бүгіп велосипед айдап бара жатқандай қимылдату; Екі аяғын бір бағытта ішіне қарай апарып іштегі желін шығаруға көмектесу; Укроп ққайнатылған су (үйде өзіңіз қайнатып дайындағаныңыз дұрыс) Медикаментозды ем: Эспумизан, Боботик (1-айдан бастап қана қолдануға болады). Ескерту: Көбісі жел шығара алмады деп балаға арнайы жел шығарғыш трубкаларды қолданып жатады. Оны қолдануға болады, бірақ көп емес. Яғни оған көп әуестенудің қажеті жоқ. Себебі ішектер өзі реттеп үйренуі, дамуы керек. .
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар