Басты жаңалықтар
Бір жастағы балалардың ойлау жүйесін, физикалық жағдайын дамытатын ойын түрлері
- автор kyn.kz
- 9 қаңтар, 2020
- 1.8k
Әр ойыншықтың өз атқарымдық мәні бар, ойыншықтардың көмегімен біз баланың тілін, оның психикалық және физикалық қызметтерін дамытамыз.
Бүгінде балаларға арналған ойыншықтар, соның ішінде, бір жастағы балаларға арналған ойыншықтар дүкен сөрелерінде аз емес. Бірақ, сол ұшы-қиыры жоқ ойыншықтар арасынан бала жасына лайық, оған қызықты және пайдалы болатын, дамуына септігін тигізетін ойыншықтарды таңдап алу маңызды деп хабарлайды KYN.KZ сайты.
Сылдырмақ – баланың өзара үйлесімді қимыл-қозғалыс, көру, сезу және есту қабілеттерінің дамуы үшін аса маңызды ойыншық. Сылдырмақ таңдағанда оның көлемі баланың
қолына дәл келуіне назар аударыңыз. Ойыншық көз тартатын, ал оның құрамдас бөліктері баланың ауыза түсіп кетпеуі үшін тиісінше бекітілген болуы тиіс.
Аспалы ойыншық. Баланың көңілін аулап, қармау қабілетін дамыту үшін төсектің үстіне орнатқан жөн. Бала назарын тізбектегі әр ойыншыққа аудару қажет, оның қалай айналатынын көрсету керек.
Бұрамалы ойыншықтар. Оларды ара-тұра ғана қосқан жөн, жиі қоса беретін болса, баланы қызықтырмай, дыбысы тіпті ашуын келтіретін болады.
Сыбызғы-кітап. Бала кітаптағы бақаны басса, ол шиқылдаған дыбыс шығарады.
Түрлі-түсті көрпе: Суреттері болса, қимыл-қозғалысты дамыту ойындары үшін бірден-бір құрал. Қимыл-қозғалысты жұмсақ ететінімен қоса, көрпе баланың назарын аударады, бала ондағы суреттерді қарағанда зейінін дамытады.
Жұмсақ ойыншықтар: Сатып аларда міндетті түрде ойыншық сапасына назар аударыңыз. Себебі, сапасы төмен бояуыштар аллергия тудыруы мүмкін, жүні баланың аузына кіріп кетуі мүмкін және т.с.с.
Және мынадай ойыншықтар баланың тез дамуына әсер етеді
1.Бұрамалы мехникалық ойыншықтар.
2. Шүберектен жасалған (иілгіш) қуыршақ.
3. Парақтары қалың, ең дұрысы, жууға болатын суреттері бар
кітаптар.
4. Сумен ойнауға арналған жинақтар.
5. Жан-жануарлардың мүсіндері (орта көлемді).
6. Шайнауға, тістеуге арналған ойыншықтар.
7. Ірі сақиналары және қалы өзегі бар пирамида (дұрысы –
бір түсті).
8. Жұмсақ ойыншық (мұндай ойыншықтар әуенді болуы да
мүмкін).
9. Орта көлемді жібі бар ойыншық көлік.
10. Металлофон.
11. Ойыншық телефон.
12. Дене мүшелері қозғалмалы қуыршақ: кішкене және
орташа.
13. Қолға киілетін қуыршақ (дұрысы – аузы үлкен, ашылатын).
14. Себет, сөмке.
15. Пластмасса ыдыс жинағы.
16. Қақпағы бар кішкене қорапшалар.
17. Орындығы бар үстел.
18. Үстіне отыруға болатын ойыншық (ат және т.с.с.).
19. Әткеншек.
20. Итарба (бұлшық ет тонусы жоғары
балаларға болмайды).
21. Секіргіштер (бұлшық ет тонусы жоғары
балаларға болмайды).
Келесі мақала