Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Аутизммен ауыратын балалардың ерекшеліктері және емі

Аутизммен ауыратын балалардың ерекшеліктері және емі
ашық дереккөз
Аутизм – әлем бойынша әлі толық зерттелмеген ауру. Бұл сырқатқа нақты қандай факторлар әсер ететіні де әлі күнге дейін белгісіз. Дегенмен де бұл – бала дамуындағы, оның ми жүйесіндегі ауытқушылықтың ауыр түрі.
«Аутизм» терминін алғаш рет швед психиатры Эй­ген Блейлер 1911 жылы аш­қан екен. Грек сөзінен аудар­ғанда «өзім» деген мағынаны білдіреді. Терминнің өзі ай­тып тұрғандай, аутизмге шал­дыққан бала өз әлемі­мен өзі болып, сыртқы құ­бы­лыс­тарды, өзгерістерді мүлде қабыл­дамайды деп жазады KYN.KZ сайты. Аутизмнің алғашқы белгілері: 1. 3жасына дейін анық байқалады. 2. Əдетте, ер балаларда жиі кездеседі. Ата-анасы баланың құрдастарымен салыстырғанда кеш дамып, əлі сөйлемегенін байқайды. Алғашында бала естімейтін сияқты болып көрінеді, бірақ тексеру барысында нəтижесі олай еместігін көрсетеді. Мұндайда баланың жалпы дамуы тежеледі. 3. Мінезі тұйықтала түседі. 4. Атын атап шақырса, елең етпеуі де мүмкін. Өзге балалармен де ойнамайды. 5. Танып-білуге ұмтылмайды. Тіпті жаңа ойыншық та оны қызықтыра алмайды. Яғни, мұндай балада қалау, сағыну, аяныш, өкініш, қамқорлық сияқты сезімдердің ешқайсысы болмайды. Оған бəрібір. Өз əлемінде, өзімен өзі өмір сүреді. 6. Тəулік бойы ұйықтамай жүре беруі мүмкін. Ештеңені қажет етпейді. 7. Кейде бала сөйлеуді бастайды, бірақ біраз уақыт өтісімен, сөйлеу қабілетін қайта жоғалтады, күнделікті қылықтары қайталанады, күнде бір ойыншықпен жəне жалғыз ойнайды. Тіпті ойыншық- тың тек бір бөлігімен ғана (мəселен, тек қолымен немесе басымен) ойнауы мүмкін. Күнделікті қайталанатын тəртіптің өзгеруін бала өте қиын қабылдайды. Ата-аналарының айтуынша, бала көзге тіке қарамайды. Көбісінің зияткерлік қабілеттері де төмен болады.

8. Аутист бала сұрақ қоймайды және жауап та бермейді, мимика, ым-ишарат (жест) арқылы қарым-қатынас жасаудан бас тартады.

Аутизмнің емі.  Дәрі-дәрмектермен емдеу синдромдық принцип бойынша тағайындалады және ауру белгілерін азайтуға бағытталады. Эпилепсия ұстамалары болған жағдайда оған қарсы дәрілер тағайындалады. Сырқат баланың ауруханада жатып емделуі ұзақ болмауы тиіс. Бұнда ескеретін жайт, ауруханаға баланы ата-анасыз жатқызады, сондықтан бала үшін бұл үлкен психологиялық жарақат. Түзеу жұмыстары интеллектуалдық дамуы төмен балаларға қажет, ол сырқат баланың эмоциялық, қарым-қатынас аясын, қоршаған әлемді қабылдау ерекшелігін ескеретін арнайы әдістеме бойынша жүргізілуі тиіс. Ең дұрысы – педагогикалық әсерді, музыкалық, би және басқа сабақтарды, міндетті түрде психотерапияны қамтитын кешенді жұмыс болады.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар