Медицина қызметкерлерінің айтуынша, босанатын әйелге ең жақын серіктес – оның күйеуі екен. Ол босанып жатқан әйелді де, іштегі баланы да ойлап тұратын болып шықты. Ал босанып жатқан әйелдің анасы осынау жауапты сәтте тек өз қызының қамын жеп, әлсіздік танытқан.
Әйел босанған кезде жанында дәрігерлерден бөлек, туысының немесе жақындарының бірінің болуы туралы айтыла бастағанда әсіресе қазақ қоғамы үшін бір жат дүние болып көрінеді. Десек те қазір "серіктестік босану" деп аталып жүрген бұл процесс қалыпты, тіпті кейбіреулер үшін міндетті жағдайға айналғандай. Дәрігерлердің өзі босану алдында серіктес адамның болуы міндетті болмаса да, "болғаны жақсы еді" деп жатады. Ал серіктестікке күйеуінің кіргені дұрыс па?- деген сұраққа KYN.KZ сайты жауап береді.
Серіктестік босанудың жалпы артықшылықтары:
Серіктестік босанудың артықшылықтарын айтқанда процестің психологиялық құрамдастарын да ескерген жөн. Босану залында серіктесімен бірге жатқан әйел қорықпайды, сабырлы, көп айғайламайды және көңіл күйі тамаша болады.
Күйеудің қатысуымен босану:
Әйелдің қасына еріп барған еркек не істеуі керек? Мұндайда ол әйеліне ауырғанды басатын массаж жасап, жылы сөздерімен сабырлыққа шақырып, бәрі жақсы болатынына сендіріп, көңілін көтеру арқылы көп көмегін тигізе алады.
Әрине, ол үшін ер азаамат психологиялық тұрғыда дайын және кез келген тосын жайға әзір болуы тиіс. Дәрігерлердің айтуынша, ер адам баланың дүниеге келуінен түбегейлі хабардар болып, әйелімен бірге дайындалған кезде ғана босану процессінен жақсы өте алады. Яғни, жүктілікке қатысты сабақтарға бірге барып, кітап оқып, УДЗ-ға бірге келіп жүрсе, бәрін түсінеді. Бірақ ондай белсенділіктің өзі кейде дұрыс нәтиже бермеуі мүмкін. Себебі еріңіздің босану сәтіндегі жай-күйін ешкім де болжай алмайды.
Күйеуіңіз төмендегідей әрекеттер көрсетсе үйде қалғаны жақсы:
- дәрігерлерге нұсқау беріп, бәріне басшылық жасамақ болса;
- әрдайым өзінен күмәнданып, қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдай алмайтын болса;
- шектен тыс эмоционалды, тіпті, есінен танып қалуы мүмкін болса;
- күйеуіңіз босануға сіз үшін емес, ондағы төтенше жағдайды көруге барса;
- босану бөлмесіне сіздің көңіліңіз үшін ғана еріксіз барса.
Келесі мақала