Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Сыздауықты емдеу жолдары

Сыздауықты емдеу жолдары
ашық дереккөз
Сыздауықты кей жерлерде шиқан деп те атайды.
Сыздауықты тосыннан келетін «қонақ» деуге болады. Ол санға, бөксеге, қолтықтың астына шығып, мазалайды. Өзі кішкентай ғана болғанымен ауруы жанға батады. Сздауықты емдеу жолдарын KYN.KZ сайты назарларыңызға ұсынады. Ара балауызының құрамында микроэлементтер көп болғандықтан сыздауық шыққан адамның дертке қарсы күресуіне күш береді. Ол үшін ара балауыздан мынадай тұнба жасайды. Бөтелкеге 250 г арақ құяды да оған 2-3 түйір(балауызды домалақтап) балауызды салады. Қақпағын мықтылап жауып, бөтелкені қараңғы, құрғақ жерде сақтайды. Осы тұнбадан 1ас қасықтан күніне 3рет астан кейін қабылдайды. Сыра ашытқысы В дәруменіне өте бай. Егер сыздауық шықса осы дәруменді пайдаланса, жараның тез жазылуына көмектеседі. Пиязбен емдеу ең қолжетімді және қарапайым емдік тәсіл. Пиязды блендрдің көмегімен езіп, қайнаған жылы су араластырып 1-2 сағат қояды. Тұнбадан 2-3 ұртамнан күніне 3 рет ішеді. Тұнбаны балғын күйінде дайындап ішеді. Біле жүріңіз! Сыздауықты кей жерлерде шиқан деп те атайды. Сыздауық асқынып кетсе, көпке созылады. Әсіресе бетке, мойынға шыққанда өте қауіпті. Бұл жерлерге шыққанда қан тамырлары арқылы аурудың уыты миға шауып кетуі мумкін. Дерттің пайда болуына көптеген факторлар әсер етеді. Суықтың әсерінен, майлы без бен ұлпаның қабынуынан, киім қажағанда, ішектегі проблемадан, қанға түскен инфекция, не терінің жарақатына, ауру қоздыратын микробтың енуімен болады. Сыздауықтың жалғасып бірнешеу болып шыққан түрін "фурункулез" дейді. Дертті емдеу оңай емес және оған көп уақыт кетеді.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар