Бала арқасын қисайтып отырғанда, денесі құрысқанда ми қан тамырларының қанмен қамтамасыз етілуі бұзылады. Бұл көздің көру қабілетін нашарлатады.
Бала денсаулығың дұрыс дамуына баса мән беретін ата-ана оның көзінің көру қабілетін сақтауды да естен шығармауы тиіс. Тұқыммен берілетін көз ауруларынан бөлек, кез келген баланың көру қабілетінде мәселелер туындауы мүмкін. Баланың көру мүшелері 12 жасқа дейін қарқынды дамиды. Ол сыртқы ортаның зиянды әсерін тез қабылдайды. Қоршаған ортаның экологиялық жағдайы, инфекция, жарақаттану, т.с.с салдарынан көзің көру қабілеті нашарлайды. Компьютер алдында отыру, теледидар қарау, кітап оқудың кері әсерлерінің орны бір бөлек қой.
Осыншама зиянды әсерлерге төтеп беру үшін күнделікті көз алмаларымен жаттығу жасап отыру керек деп жазады KYN.KZ 2 жастан мектеп жасына дейінгі балаларға арналған көз жаттығулары:
Балаңыз теледидар алдында ұзақ отырып, көзі қызпрып, шаршау белгілері байқалса, келесі жаттығуларды орындатыңыз:
1. 5минуттай көзді тез ашып жұмып, тағы да 5 минут жұмып отыруын сұраңыз.
2. Оң қолын алға созып, сұқ саусағын оңға және солға, жоғары және төмен жылжытқызыңыз:
3. Жайлап көз алмаларын сағат тілімен сонан соң кері қарай айналдырсын.
4. Балаңызды орындыққа отырғызып, алақанымен белін тіретіңіз. Басын оңға бұрып, көз қиығымен барынша солға қаратыңыз. Содан соң кері қарай - басын солға бұрғанда көз қиығын оң жаққа тастайды.
5. Көзді жұмып, сұқ саусақпен ақырындап массаж жасау керек.
Мұндай көз жаттығулары күнделікті әдетке айналып, кешке қарай орындалса нәтижелі болады. Әрбір жаттығуды 5-6 реттен жасау керек.
Мектеп жасындағы балаларға арналған жаттығулар:
Мектеп жасындағы балалардың көзіне түсетін күш мектепке дейінгілерге қарағанда басым болатыны анық. Күнделікті сабақ, кітап оқу, компьютер алдында отыру, теледидар қарау баланың көзіне әсер етпей қоймайды. Көз талып, құрғап, көру қабілеті нашарлау мүмкіндігі жоғары. Сондықтан жаттығу әсіресе, мектеп оқушыларына қаж. Балаңызға бірнеше көз жаттығуларын жасатып үйретіңіз.
Жоғарыдағы айтылған қарапайым жаттығуларды жасаумен қоса, біршама қиындау әрі біршама әсерлі жаттығулар да жасаған дұрыс.
1. Орындыққа отырып, екі көзді алақанмен жабады да, денені бос ұстап, ойша көз алдына бір нәрселерді елестету керек. Елес үшін кез келген нәрсе жарайды. Бұл жаттығуды күн сайын 10-15 минуттан жасап тұрса, көздің көріуін жақсартады.
2. Ұзақ уақыт кітап оқу керек болғанда арасында үзіліс жасап тұру керек. Орнынан тұрып басты оңға-солға 10 реттен айналдырып арлы-берлі жүреді. Сосын аяқтың ұшымен тұрып жоғарыға қарай тартылады. Бұл қарапайым жаттығу омыртқаны, көз бұлшықеттерін босаңсытады.
3. Сұқ саусағын көзге жақын ұстайсыз да, 3 метрдей ұзақтықтан бір нысананы белгілеп алады. Бірнеше уақыт ұзақтағы нысанаға көз тігіп тұрып, сәлден соң саусаққа қарайды. Кезектестіріп бірнеше рет қарау керек. Мұндай жаттығу баланың алыстан көру қабілетін қатар дамытады.
4. Дәл осы қалыпта сұқ саусақты көзден бірде алыстатып, бірде жақындату керек. Саусақ қозғалысын көз алмай бақылайды.
Жаттығумен қатар, баланы көбірек қимылдауға, қимыл қозғалысқа түсіретін ойындар ойнауға не спортпен шұғылдануға дағдыландырыңыз. Оның теледидар немесе монитор алдында ұзақ отырмауын қадағалаңыз. Дене бітіміне көңіл бөліңіз. Бала арқасын қисайтып отырғанда, денесі құрысқанда ми қан тамырларының қанмен қамтамасыз етілуі бұзылады. Бұл көздің көру қабілетін нашарлатады.
Келесі мақала