Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Болат Назарбаевтың бәйбішесі Гүлжан Назарбаева дүниеден өтті

Болат Назарбаевтың бәйбішесі Гүлжан Назарбаева дүниеден өтті
ашық дереккөз
Назарбаева Гүлжан Әбішкелінін желіде абысыны жоқтады
Болат Назарбаевтың бәйбішесі  Гүлжан Назарбаева өмірден өтті деп көпшілікке абысыны Айша Әбішкеліні қара жамылып отырғанын айтты , деп жазды KYN.KZ "Астағфируллаһ.  Сұм ажал бүгін  тағы да бір жақсы жанды ортамыздан жұлып әкетті... Ол - Назарбаева Гүлжан Әбішкеліні, Елбасымның туған бауыры Бөкеңнің Бәйбішесі, ГН сапа белгісінің иесі, Үшқоңыр баурайындағы Шамалған ауылында Шұбарат атты Мейрамхана ашып, бүкіл ағайын ғана емес, Әлемнің түкпір түкпірінен ағылған Меймандарды қабақ шытпай қарсы алатын, бәрінің қас қабағын айтпай танып, шамасынша айналасындағыларға көмек-жәрдем беретін сынық мінезді, сырбаз көңілді, кең пейілді абзал жан еді... Бір де бір той, бір де бір жаназа, бір де бір шілдехана Гүлжан Әбішкелінінің берекелі қолдарымен жайнатылған ақ дастарханынсыз өтпейтін... Оның кең пейілі, бауырмал жүрегі, еріне, түскен жұртына, сүйікті Қайын Ағасы Нұр-Ағаға деген риясыз көңілі мөлдіреп тұратын... Бір дауысы шығып, ренжігенін көрмеген екенбіз... Әбіш ата мен Әлжан анамызды өз қолымен күтіп, мәпелеп, ақтық сапарға шығарып салған жан еді... Ойламаған жерден үндемей ғана күліп жүре беретін, ешкімге сыр ашып, бейберекет дабырламайтын сабырлы, салиқалы мәрт күйінде ауырғанын да білдірместен жұмысын жасай жүріп кете барды... Артында тұңғышындай еркелетіп, бетіне қарсы келіп көрмеген, тек қана үйге аман сау оралуын сұраған жан жары Бөкең, сүйікті ұлы Нұрболы, қыздары, немерелері, келіндері, жиендері, оны қимай өзектерін өрт шалған замандастары, ел-жұрты, төркіні қалды...    width=Оның мейірімді, сымбатты, нұр шашқан сұлу жүзін енді көрмейтінімізге, ғажайып Мейрамханасында стол басында тәтті шәйінен енді іше алмайтынымызға сене алар емеспіз... Жүрегім өртеніп, Үшқоңырға ұшайын десем .... карантин, тиым, блокпост деп тағы өткізбей қоя ма деп тоқталдық... Қайран Гүлеке-ай! Сабырлы, сырбаз көнтерлі аруымыз-ай! Ертерек кетіп қалғаның қабырғамызды қақырата сөгіп кетті, ауылдағы жақындармен отбасыңызға тіпті ауыр соққы болды-ау! Алдыңыз жарық нұр - жәннат, артыңыз қайырлы береке болсын! Жарқын бейнеңіз, жылы жүзіңіз Әбіш атамызбен Әлжан анамыздың босағасын берік ұстап келген аяулы,пәк, асыл келіні ретінде жүрегімізде сақталады, бақұл болыңыз, хош болыңыз Гүлжан. Рухыңызға Әл-Фатиха! Құрметпен, Айша Қоғамдық Қорының жетекшісі, Әбіш ата Мешіті, Әлжан Ана атындағы қыздар Медресесі құрылысынан Айша хажы, яғни НұрСұлтанның Айшасы.",-деп жазды  Айша Әбішкеліні.    width=
фото:Гүлжан Әбішкелінін шығарып салу рәсімінен.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар