Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Семейде ауылдықтар науқастар мен дәрігерлерге 1000 литр қымыз жеткізіп берді

Семейде ауылдықтар науқастар мен дәрігерлерге 1000 литр қымыз жеткізіп берді
ашық дереккөз
Саржал ауылының халқы ұйымдасқан түрде қымыз жинап, қалаға өздері жеткізген
Семейде қайырымдылық акциясы аясында Абай ауданы тұрғындары медицина қызметкерлері мен коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарға қымыз әкелді. Осындай қиын кезеңде күн сайын қауіпті вируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлері мен COVID-19 жұқтырған науқастарға Саржал ауылының тұрғындары қолдау көрсеткен. Орталық мешіт алдында волонтер-кәсіпкерлер жиналып акция бастады. Оған ауыл тұрғындары да қосылып, нәтижесінде 1000 литр қымыз жиналған. «Ауылымыздың тұрғындары бірігіп, қымыз жинады. Акцияға шамамен 90 адам қатысқан. Барлығы мүмкіндігінше қымыз берген. Біреулер 10 литр қосса, кейбірі одан көбірек сусынын сыйға тартқан. Адамдар сырқаттанып жатқан қиын кезеңде біз оларға қолдау көрсетейік деп шештік. Өйткені қымыз адам ағзасына өте пайдалы және түрлі ауруды емдеуде қолданылады», дейді акцияға қатысушылардың бірі, кәсіпкер – Метхат Мусин. Жиналған қымыз барлық қалалық ауруханаларға жіберіледі. Семей ауданының бас имамы Асқар Әбітайұлының айтуынша, қымыз міндетті түрде дәрігерлер мен науқастардың иммунитетін көтеруге көмектеседі. «Қазір елімізде «Өмірге үміт сыйла» - «Подари надежду на жизнь» акциясы өтіп жатыр. Акция аясында ауруханаларға дәрі-дәрмек пен басқа да қажетті заттар жеткізілуде. Қазір дәрігерлер мен инфекцияға шалдыққандардың иммунитетін көтеру үшін Саржал ауылының тұрғындары жинаған қымызды таратып жатырмыз. Қымыз – тұрғындардың полигон кезінде де аман қалуына көмектескен ерекше, тіпті қасиетті сусын деуге болады. Қымызды қалалық ауруханаларға тегін таратамыз. Осындай акциялар жалғасын табады деп сенеміз», - деп толықтырды имам.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар