Среда, 8 февраля, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Биосфера дегеніміз не?

Биосфера. Тіршілік қабығы. В.И.Вернадский.Прокатиот, укариот, эукариот.

24.08.2020
0
Биосфера дегеніміз не?

Биосфера деген түсінік грекше” bios”- тіршілік, ” sfaira”-шар деген мағына береді,яғни Жер шарындағы тіршілік аймағы ретінде ғылымға енгізген австриялық геолог Зюсс болды. Ол 1875 жылы “географиялық қабық “ деген терминді ғылымға енгізгенімен биосфера туралыкөп дерек бермеген,тек қана бұл қабықты “тіршілік қабығы ” деп атаған. Ал биосфераны толығымен ғылымға енгізген кім және биосфераға қатысты тағы да қызықты танымдық ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Ал биосфераны ғылымға толық енгізген орыс академигі В.И. Вернадский болды. Ол өзінің “Биосфера” деген еңбегінде биосфераны планетаның ең маңызды қабықтарының бірі деп қарастырып, биосфераның сандық көрсеткіштері аз болса да ,Жер бетіндегі барлық процес тер тіршілікке байланысты деп атап көрсетті.

Биосфераның шекарасын анықтау. Биосфераның жоғарғы қабаты 25 км  шоғырланған -“озон” қабатына дейін, ал биосфераның төменгі шекарасы литосфераны қамтыған. Төменгі шекарасын түрлі ғалымдар әр-түрлі пікір айтады. Кейбір ғалымдар бұл қабатының шекарасын бірнеше метр тереңдікке дейін деп жорамалдаса, кейбір ғалымдар бірнеше жүздеген километрге дейін шоғырланған деген пікір айтады.

Өйткені бұл тереңдікте кейбір тереңдіктегі бактериялар өмір сүреді. Биосфераға гидросфераның барлық аймақтары кіреді. Тірі организмдер құрылысына, қызметтеріне, биологиялық айналымдағы рөліне қарай бөлінеді.

Клеткасының құрылысына қарай организмдер 2 ірі топқа :

Прокатиоттар  -ядросыз организмдар, э

Укариоттар -ядролы организмдер болып бөлінеді.

Прокатиоттарға –бактериялар, көк-жасыл бактериялар жатады.

Эукариоттарға- басқа барлық организмдер: өсімдіктермен, саңырауқұлақтар, жануарлар жатады.
Функциясына қарай тірі организмдер екі топқа бөлінеді:

автотрофты,  гетеротрофты болып бөлінеді.

Автотрофты организмдер-күн сәулесінің әсерінен органикалық заттардан неорганикалық заттар туындататын-өсімдіктер жатады.

Гететотрофты организмдер- органикалық заттармен қоректенетін, жануарлар саңырауқұлақтар, көптеген бактериялар жатады.

Биологиялық айналым жасаудағы рөлі бойынша тірі организмдер –3 топқа бөлінеді: продуцент, консумент, редуцент болып бөлінеді.

Продуцент -өндірушілер, оларға өсімдіктер-автотрофтылар   жатады. Бұлар биосфераға органикалық заттар шығарушылар болып табылады.

Консумент –тұтынушылар, продуценттер дайындаған органикалық заттармен қоректенетін организмдер. Консументтер 2 ге бөлінеді: өсімдіктер мен қоректенетін бірінші түрі, осы алғашқы консументтермен қоректенетін паразит тер мен жыртқыштар.

Редуценттер –қалыптастырушылар, олар өлі неорганикалық заттарды жоятын биологиялық айналымның ең соңғы сатысын жүзеге асырушылар. Бұларға: бактериялар, барлық саңырауқұлақта, қарапайым жануарлар жатады.

Жер бетінде тірі организмдер ең алғаш ұсақ су қоймаларында пайда болды деген пікір бар.

Олар жылы климаттың әсетінен пайда болған. Сол кезде жорамалдар бойынша күннің ультрафиолеттік сәулелерінен сақтайтындай қазіргідей озон қабаты болмаған. Бұл қабаттың міндетін атқарушы ол кезде су беттерінде цианобактериялар болған , осы бактериялардың 3 млрд. жыл бұрынғы бір клеткалы ядросыз жәндіктердің қалдықтары Африкада табылған. Осы су қоймаларынан тіршілік мұхитқа, кейін жер бетіне тараған. Осыдан соң жер бетіне организмдердің саны күрт көбейіп кетті. Соның ішінде адамның пайда болуын да атап өтуіміз керек.

Барлық биосфера тарихында 500 млн тірі организмдердің түрі болған, ал қазіргі кезде олардың саны 2 млн.нан.10 млн.ға дейін жетеді. Жер беті не тірі организмдердің кең көлемінде таралуына олардың қоршаған ортаға бейімділігі және көбеюінің көп мөлшерде болуы әсерін тигізді.

Қазіргі таңда биосфераның сандық құрамы:

-жануарлар:1,5-1,7 млн түрі.

-өсімдіктер:350-500 мың түрі бар. Жер бетінде жануарлардың түрінің саны өсімдіктердің түрінің санына қарағанда көп болғанымен ,Жердің биомассасының үлкен бөлігін өсімдіктер алып жатыр.(кесте-)

Дүние жүзілік мұхиттың биосферасы. Дүние жүзілік мұхиттың биосферасының сандық көрсеткіші бүкіл дүние жүзілік мұхитта 300 мың түрлі өсімдіктермен жануарлар мекендейді .

 

Бөлісу424Твит265
  • Төреғали Төреәлінің келіншегі тұңғышы науқас боп туғаннан кейін қалай қиналғанын баяндап берді

    Төреғали Төреәлінің келіншегі тұңғышы науқас боп туғаннан кейін қалай қиналғанын баяндап берді

    5053 бөлісу
    Бөлісу 2021 Твит 1263
  • «Көңілім толқып, қобалжып жүрмін»:Нұржан Төлендиев қызын ұзатқалы жатқанын хабарлады

    2691 бөлісу
    Бөлісу 1076 Твит 673
  • Алматылықтар дүкендерде киім өлшеп, қотыр, шуаш сынды тері ауруларын көптеп жұқтыруда

    2646 бөлісу
    Бөлісу 1058 Твит 662
  • Шәкірттері Алтынбек Қоразбаевтың 75 жасына ерекше тосынсый жасады (видео)

    1649 бөлісу
    Бөлісу 660 Твит 412
  • Мақпал Жүнісова журналистің анасына жомарттық танытып, ерекше сыйлық тарту етті (видео)

    1409 бөлісу
    Бөлісу 564 Твит 352
  • Ақбота Керімбекова: Арман Дүйсеновты іздедім, қоңырау шалдым алмай қойды

    1281 бөлісу
    Бөлісу 512 Твит 320
  • 7 рет ажал аузынан қалған адам: Әлемдегі ең жолы болғыштың оқиғасына әлем халқы таң қалды

    1099 бөлісу
    Бөлісу 440 Твит 275
  • Алматыда автобус ішінде қымбат телефонын ұрлатып жылаған қыздың мәселесін жүргізуші оңай ғана шешіп берді

    1115 бөлісу
    Бөлісу 446 Твит 279
  • Алматыда қоғамдық көлікте ер адам жыныс мүшесін жалаңаштап жұртты шошытты (видео)

    1034 бөлісу
    Бөлісу 414 Твит 259
  • Әсел Асқар бала күнінде зорланғанын айтты

    857 бөлісу
    Бөлісу 343 Твит 214
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.