Басты жаңалықтар
Қанның қан тамырларындағы қозғалысы. (гемодинамика)
- автор kyn.kz
- 25 тамыз, 2020
- 2.3k
Гемодинамика. Артериол. Капиллияр. Қан қысымы. Қанның ағу жылдамдығы. Қан айналу уақыты.
Тірі организмде қан тамырлар қозғалысы қалай жүреді және оның морфологиялық ерекшеліктері қандай? Бұл процес неше бөлімнен тұрады деген сұрақтардың жауабын kyn.kz сайтынан оқи аласыз.
Қанның қан тамырларындағы қозғалысы. (гемодинамика).
Қан айналудың үлкен және кіші шеңберін құрайтын тамырларды, олардың қабырғаларының морфологиялық ерекшеліктеріне қарай ,диаметрлеріне және функционалды рөлдеріне қарай бірнеше топқа бөлінеді.
1) Қолқаны және ірі артерияларды эластикакалық (серпінді, амортизациялаушы) тамырларға жатқызады. Бұлардың қабырғасының ортаңғы қабатында эластикалық элементтер көп болады. Осылардың арқасында қарыншалардың ырғақты систоласы кезінде созылған (кеңейген) тамырлар дистола кезінде серпіліп, бұрынғы қалпына келе алады.
2). Орташа және майда диаметрлі артерияларды етті тамырлар дейді.
3). Диаметрі 15-70 млм-дей болатын артериолдар, метаартериолдар, артерия- веналық анастомаздар, прекапилярлық ефинктерлер-резисивті (кедергілі) тамырлар д.а. Қан ағысына кедергі күш негізінен артериолдар туады. Бұл тамырлардың қабырғасындағы бірыңғай салалы еттің қалың қабаты жиырылғанда олар айтарлықтай тартылып, қан ағуына кедергі күрт өседі. Мұның әсерінен артериялардан қанның әкетілуі азаяды, ондағы қысым жоғарылайды.
Артериолдар тонусының төмендеуі, керісінше, артериялардан қанның әкетілуін көбейтеді ал артериялық қан қысымы төмендейді. Бұл артериолдар диаметрінің өзгерістері жалпы артериялық қысымды реттеуде басты рөл атқарады. И.М. Сегенов артериолдарды “жүрек-қантамыр жүйесінің краны” деп атаған. Бұл “крандар” ашылғанда сол облыстағы қантамырларға өтетін қан көлемі көбейеді, жергілікті қан айналу жақсарады, ал жабылғанда керісінше, онда қан айналу күрт нашарлайды.
4) Капиллиярларда алмасу тамырларына жатқызады. Жұқа қабырғалары арқылы қан және ұлпа сұйықтығы арасында түрлі заттар мен газдардың алмасуы жүреді. Капилярлар қабырғасының жиырылғыштық қабілеті жоқ, кеңеюі-тарылуы резистивті тамырлардағы қысымға байланысты.
5). Сиымдық тамырлар- посткапиллярлық венулалар, венулалар, веналар және ірі веналар жатады.
Құрылысы жағынан веналар артерияларға ұқсас, бірақ олардың қабаты жұқа болады. Оларда қанның кері ағуына мүмкіндік бермейтін клапандар бар.
Гемодинамика заңдылықтары.
Қан тамырларымен қозғалуының ерекшеліктерін анықтайтын заңдылықтар – гемодинамика заңдылықтары. Қан қысымы, қанның ағу жылдамдықтарына, қан айналу уақытына байланысты.
Келесі мақала