Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Артериялық пульс

Артериялық пульс
ашық дереккөз
Сфигмограмма. Анакрота. Катокрота. Инцизура.
Артериялық пульс дегеніміз не және оның тербелісін талдайтын арнайы құрал қалай аталады сонымен қатар  онда көрсетілген сызықтар нені білдіреді  осы сұрақтың жауабын kyn.kz сайтынан оқи аласыз. Қан тамырларының қабырғаларының созылғыштығы арқасында, жүректің систоласы кезінде қолқаға түскен қан оның қабырғасын созады. Ал, диастола кезінде ол серпіліп бұрынғы қалпына қайта түседі. Осындай қолқа қабырғасының тербелуі бүкіл шеткі артерияларды байлап секундына 6-10 м. жылдамдықпен жүретін толқын түрінде тарайды. Осыны артериялық пульс деп атайды. Пульстің жеке тербелісін талдау үшін арнайы құрал-сфигмограф көмегімен оның қисық сызығын жазып алады. Қолқа мен ірі артериялар пульстік қисығында (сфигмограммада) екі бөлімді: көтерілуі және төмен түсуі айырады. Қисық сызықтағы көтерілу (анакрота) жүректен қанды итеріп шығару кезінде алынады. Өиткені ол кезде артериядағы қан мөлшерінің күрт көбеюі ондағы қысым жоғарылауын тудырады. Осыдан тамыр қабырғасы созылады. Қарыншалар сиатоласы аяқталар кезде, ондағы қысым төмендей бастағанда пульстік қисық сызық төмен түседі (катокрота). Қарынша диаспорасының барысында оның ішіндегі қысым қолқадағы қысымнан төмен болып қалады. Осы кезде қолқа қабырғасының серпілуі нәтижесінде ондағы артерияға өтіп үлгермеген қан айшық клапандарға қарай ығысады артериялардағы қысым күрт төмендейді: бұл қисық сызықтар едәуір ерекше ойыс (инцизура) түрінде көрінеді. Қарыншаларға қарай ығысқан қан жолында жабылған айшық клапандар болатындықтан, олармен соқтығысудан кері серпіледі. Бұдан артериядағы қысым көбейіп, оның қабырғасы екінші рет біраз созылады (соңғы,н/е дикроттық көтерілу байқалады).
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар