Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Веналардағы қан қозғалысының ерекшілігі

Веналардағы қан қозғалысының ерекшілігі
ашық дереккөз
Вена. Клапон. Капиляр. Жүрек.
Веналардағы қан қозғалысының ерекшілігі қандай болатындығын kyn.kz сайтынан  оқи аласыз. Веналар арқылы қан жүрекке қарай қозғалады. Бұларға көмектесетіндері: 1 .Қан жоғары қысымды ауданнан төменгі қысымды ауданға қарай жүреді еді. Вена жүйесінің капиллярлардан -шыға берісіндегі қысым 10 -15 мм Нд н/е 60-200 мм су бағанындай жүректен алыс жататын ірі веналарда қалыпты жағдайларда қысым 60-120 мм, су бағанына тең. Вена жүйесінің бас кезіндегі оң қысым жүрек қызметінің нәтижесінде берілген қозғалтқыш күштің қалдығы болып табылады н/е итеру күші д.а. Қанның жүрекке құюын жеңілдететін 2-ші фактор ол жұқа қан тамырларының қабырғалары арқылы берілетін кеуде қуысындағы веналардағы қысым атмосферадағы қысымнан демалған кезде 4-7 мм, ал дем шығарғанда 3-5 мм Нд төмен болады. 3-ші фактор , қаңқа еттерінің қызметі. Олар жиырылған кезде веналарды қысады, ал веналардағы клапондар қанды кейін капилярға жібермейтін болғандықтан, қан жүрекке қарай жүруге мәжбүр болады. (мұны “ет насосы” н/е “веноздық помка” деп атайды). Веналарда қан қозғалысына демалу негізіндегі диафрагманың құрсақ қуысындағы органдарға ететін қысымы мүмкіндік туғызады. Ішке дем алғанда диафрагма төмен қарай біраз түседі, құрсақ қуысындағы органдарды қысады. Осы кезде қан құрсақ қуысындағы органдардан қақпа венасына, одан әрі қуыс веналарға өтуге мәжбүр болады. Денеде тік орналасқан қан тамырларындағы қанның жоғары шыға алмай, төменде  үйіліп қалуына тамырлар қабырғаларының еттерінің жиырылғыштығы мүмкіндік бермейді. Қан бағанының салмағына байланысты кедергіні гидростатикалық фактор деп атайды. Венадағы қысымның 200-250 мм. су бағанына дейін көтерілуі капиллярлардағы қысымды да көтереді, одан барып әртүрлі органдардың  ісуі пайда болады.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар