Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Борат-2» фильмін Қазақстан аумағында көрсетуі мүмкін

«Борат-2»  фильмін Қазақстан аумағында көрсетуі мүмкін
ашық дереккөз

«Борат-2» фильмін Қазақстан аумағында көрсетуге әзірге ресми шектеу жоқ. Себебі, шулы туындыны түсіргендер елдің мәдениет министрлігіне өтінім жібермеген.

Талайдың талқысына негіз болған «Борат 2» фильмінің трейлерін миллиондаған адам қараған. Көпшілігі мұндай туындының көрсетілуіне түбегейлі қарсы.

Бұған дейін айтқанымыздай, жер жүзінің қазақтары фильмнің мүлдем көрсетілмеуіне петиция жариялаған. Ал мәдениет министрлігі заң аясынан аттап өте алмаймыз деп отыр. Сайқымазақ туындыны түсіргендер ресми түрде министрлікке өтінім жіберуі тиіс екен.

"Бұл фильмнің Қазақстандағы ресми көрсетіліміне қатысты ешқандай хат келіп түспеді. Сондықтан министрлік ресми түрде өз ұстанымын айта алмайды. Бірақ бұл фильм төңірегіндегі жағымсыз әңгімелер жеке азамат ретінде менің де намысыма тиеді",- деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар