Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

COVID-19 науқастары тегін дәрі ала алады

COVID-19 науқастары тегін дәрі ала алады
ашық дереккөз

Коронавирус диагнозы қойылған науқастар өз емханаларынан қызуды төмендететін дәрілер мен антикоагулянттарды тегін ала алады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтып берді.

«COVID-19 емдеу үшін амбулаториялық деңгейдегі дәрі-дәрмек тізімі кеңейтілді. Яғни, коронавирус диагнозы қойылған науқастар аурудың жеңіл формасы кезінде ПТР-тест нәтижесіне қарамастан, тіркелген жері бойынша өз емханаларында емдеуші дәрігердің тағайындауымен қызуды төмендететін дәрілер мен антикоагулянттарды (қан ұюға қарсы препарат) тегін ала алады», - деді министр Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, 1,5 млрд теңгеге шамамен 1 млн адамды қамту жоспарланып отыр. «Қазірдің өзінде медициналық ұйымдарға 1,5 млрд теңге сомасында дәрі жеткізілді. Бұл шара инфекциялық және провизорлық орталықтарда науқас санын азайтуға, COVID-19 жеңіл түрлерін амбулаториялық деңгейде емдеуге, халықтың дәрілік заттар алу шығындарын төмендетуге, стационарлық емдеу үшін мемлекет шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

ҚР Үкіметінің қаулысымен «СҚ-Фармация» ЖШС дәрілік заттарды кейін бөлшек сауда желісінде сату үшін көтерме сатып алу құзырына ие болды. 3,1 млрд теңгеге 33 дәрі атауына өтінімдер жазылды. Қор 2020 жылдың 30 қазанына дейін құрылады», - деді министр.

Сонымен бірге, жеке қорғаныс құралдары да сатып алынып жатыр. «2020 жылы 18 қыркүйекте 8 жеткізушіден 10 млн медициналық маска сатып алынды. Оларды жеткізу аяқталып қалды. Медициналық ұйымдарда жеке қорғану құралдарының 3 айлық қоры құрылды. Қосымша «Шеврон» компаниясы қосымша 400 000 жеке қорғаныс құралдары түрінде гуманитарлық көмек көрсетеді», - дейді А. Цой.



Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар