Айгүл Елшібаева: Құралай ханым елді алдаған нағыз дуакеш
- автор kyn.kz
- 20 қазан, 2020
- 1.3k
Қазақ халқына дәстүрлі әнді дәріптеп, әдемі даусымен көне жырлар мен термелерді насихаттай жүріп танылған Айгүл Елшібаева Нұр-Сұлтан қаласының Діни мәселелерді зерттек орталығына ашулы. Сөзінше рухани азық іздеген әйелдерге Құралай ханым атымен танылған Құралай Ошақбаева лекция оқыған, деп жазды KYN.KZ
"Псевдопсихолог Құралай Серікқызы Ошақбаева (халыққа Құралай ханым есімімен танымал) айтып тұрғандай "Бауырға бай әпке керек"- деп , бауыр емес, дүниеге құныққан әйел ғана айтар.
Нұр-Сұлтан қаласының Дін мәселелерін зерттеу орталығы. Дін мәселелерінде псевдопсихолог, мұсылманға пірі Правдинаның шәкірті - будданың мантрасы, феншуйын дәріптеп, гипноз шамбалы, дұға деп дуа жаттатқан жеке тренингін діни сауаты жоқ әйелдерге ақшалы бай боласың деген мыстанның дуасын үйреткен елді алдаған дипломы жоқ психологсымақ Құралай Серікқызы Ошақбаевамен кездесу жасайтындай діни басқармада діни сауатты әйел мен еркек, ақ пен қараны саралайтын мамандар қалмағаны ма?
Қасқырға қой бақтырғанмен бірдей ғой мынау.Құралай ханым деп жариялаған мыстанның дуасымен айналысқан дуакештің қылмыстарынан жапа шеккен елдің зары парақшамда сақталған. Масқара ғой мынау!",- деп жазды желідегі парақшасында дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева.