Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Мақпал Жүнісова өзіне ұсыныс жасап үйленгісі келетіндерге жауап берді

Мақпал Жүнісова өзіне ұсыныс жасап үйленгісі келетіндерге жауап берді
ашық дереккөз

Қазақтың ерке қызы атанған Мақпал Жүнісова Баян Мақсатқызымен жаңа концерттік бағдарламаға дайындалып жатыр. Әнші дизайнер Аида Кәуменоваға арнайы киімдер тіктіріп, қызу дайындық үстінде екенін айтты, деп жазды KYN.KZ.

"Аида менің өмірі көрсетпеген белімді айқындай түсетін көйлек тігіп жатыр. Ол қазірге құпия енді. Бірақ мен өмірі ондай жабысып тұратын, сымбатымды анық көрсететін киім киген емеспін. Ыңғайсызданамын. Тыңдармандарымның арасынан ғашық болып қалып жүретін жандар көп. Соларға қиын болатын болды. Бірақ, бірден айтайын тұрмысқа шығу ойымда да жоқ. Жасым болса 57- де. Ол деген болмайды енді",- деді әнші Баян Мақсатқызымен әңгіме барысында.

Ал продюсер Алагөзова болса әншіге тұрмысқа шығып, бақытты өмір сүруге кеңес берді.

"Қайдағыны айтасыз. Әлі жап-жассыз. Еш кеш емес. Тұрмысқа шығып, бақытты болыңыз",- деді Баян Мақсатқызы.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар