Іргелі ауылының әкімі не үшін халық алдандық деген жеке кәсіпкердің сөзін сөйлейді?
- автор kyn.kz
- 13 қараша, 2020
- 485
Алматы облысы, Іргелі ауылына қарасты 4-квартал тұрғындары кімнің алаяқ екенін біле алмай дал болып отыр. Тұрғындар ауыл белсендісінің "жекеменшік арзан су" деген сөзіне сеніп әр отбасы Бақыт Кененбаеваға 110 000-150 000 аралығында ақша жинап берген (кей кісілер бұл ақының жартысын алдын ала төлеп, жартысын су үйге кіргенде береміз деп келіскен).
Сол кезде ауыл белсендісі кей кісілерге су бір аптада болады десе, бір кісілерге бір айда болады деп ауызша уәде еткен. Суды күтіп шаршаған халық ақша жиналғанына жарты жыл өткенде халық бұл істің таза емес екенін түсіне бастаған.
Әкім Абылай Ысқақұлына хабарласып бұл судың мемлекет есебінен жүргізіліп жатқанын естіген халық, алданғандарын түсінді. Ауыл белсендісіне жоғарыда көрсетілген қаржыны жинағандарын жеткізген халыққа әкім " Ол кісілер ақшаны заңсыз жинаған. Не себепті түбіртек және келісімшарт сұрамайсыздар?" деген жауап алады.
Әрине әкімнің айтқаны дұрыс. Бірақ, халық Бақыт Кененбаева тарапынан түбіртек сұраған кісілерге су берілмейді, бұл жекеменшік су" деген қорқыту көрген. (бұл жайттардың аудио дәлелі бар)
Әкімдіктен тендер жүйесі бойынша су мұнарасын тұрғызып, орталық көшеге құбыр жүргізу қызметін жеңген ЖК "БекСу" ешқашан халықпен жиналыс өткізбеген. Ешқандай да түсіндіру жұмыстары жүргізілмеген.
Сол сияқты Іргелі ауылдық округінің әкімі Абылай Ысқақов та су мәселесі көтеріліп, қолға алына бастаған кезде халықты ешқандай құлағдар етпеген. Тек ЖК "Бек Суға" тапсырма беріп отырған.
Сол себепті де ел арасындағы ақша жинау өз жұмысын жалғастыра берген.
Елдің бірлігін қашырған даулы мәселе ушыққан кезде халықтың зар -мұңын тыңдаған әкім жеке кәсіпкерлікпен айналысып жатқан "Бек Су" қожайынын (ол кісі белгісіз аурумен соңғы үш айдан бері ауруханада жатыр) ел алдына жеткізуге қаухарсыз.
"Әкім Абылай Ысқақұлы осы істе кешегінде мемлекеттік арнаға сұхбат берді. Тыңдап тұрсақ бәрі заңды. Оның сөзінше ЖК "Бек Су" оларға ресми хат жолдап, барлық іс келісіммен болғанын айтып, ақша жинағандарын мойындаған.
Әкім арнаға осыны айтты. Бірақ ол халқына расымен жақын болса неге ауыл тұрғындары ештеңе "Жиналыс атаулы болған емес, бұл жекеменшік деп алдандық" деп шулап жатыр деп айтпады. Әкімнің осы сөздері күдікті. Еріксіз сол ЖК "БекСу" мен Абылай Ысқақұлының ым-жымы бір ма? деген сұрақ туындайды.
Жарайды суға 10 миллион теңге бөлініпті. Ол жарым -жартылай жетіпті. Есептеп қарасақ осы ауылда жекеменшік су бағасы 300 мың теңге. Он миллион бөліп, әкімдік тартқан су бағасы қазіргі жобамен әр отбасына 230 мың теңгеге түсіп тұр. Бұның несі мемлекеттік? Енді жарық жүргіземіз деп отыр.
Оған да ертең ақша аз, жартысын халыө төлесін деп отырмасына еш кепіл жоқ. Сонда біздің әкімдер қаржы бөлгенде қалай ойлады? Оданда су мен жарыққа бөлінген ақшаны біріктіріп, тиянақты етіп бір бағытқа салмайды ма?
Бұл жерде тек қарапайым халықты қанау деп түсінемін.
Әкім ЖК "Бек Су" жасаған ауыл тұрғыны жасаған заңсыздықтар кесірінен дау туындап жатқанын бір ауыз айтпады. Халық жұмысынан қалып, уақытын жұмсап сол әкімді соңғы бір айда 3-4 жиналысқа шақырып, мәселені шама шарқынша көтеріп жатыр. Неге ол кісі таза ешқандай бұл іске қатысы жоқ болса "БекСу" директорын, ақша жинаған ауыл тұрғынын, шағымданушы халықты жинап тұрып бәріне бір сөйлемейді. Тек шағымданушы халыққа сыбырлап " Олардың бұл ісі адамгершілік тұрғысынан дұрыс емес" деп сыбырлайды?",-деді осы іс бойынша Іргелі ауылдық округіне қарасты 4- квартал тұрғындарының мәселесін тыңдап жүрген журналист Гүлжанат Оразәліқызы.
"Біз үйде суды өзіміз қазған құдықтан ішеміз. Қолымда арбаға таңылған ересек қызым бар. Осы ауылда үш жылдан бері тұрамын. Әкімдіктен бір адам келген емес. Көршілермен бірігіп жарықты, жолды өзіміз жасап алдық.
Бұл жерде адамдар жиырма жылдан бері тұрады екен. Алматының іргесіндегі ауылға неге сонша мән берілмеген? Бір сөз айтсаң "бізде ақша аз" дегенді естисің.
Неге Алматы облысында ақша аз? Бүкіл өндіріс, зауыттар облыста орналасқан. Олардың салығы қайда? Әкімнен сұрасам жаңадан келдім дейді, басқасынан сұрасам жұмысқа енді кірістік дейді. Енді сол жауап па? Бұл адамдардың тағдырымен, болашағы, жалғыз өмірімен ойнау",-дейді ауыл тұрғыны Ниязова Гүлзат Кентайқызы.
Халық осы жағдай бойынша Қарасай аудандық прокуратурасы мен полициясына өз шағымын түсірді. Бірақ құзырлы орган істі сотқа сілтеп отыр.