Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Баланың кіндігі тез және ауырсынбай түсу үшін не істеу керек

Баланың кіндігі тез және ауырсынбай түсу үшін не істеу керек
ашық дереккөз

Перхентханада стерильді таза жерде дүниеге келген балалардың кіндігін ештеңемен өңдеп қажет емес дейді қазіргі медицина қызметкерлері. Егер бала роддомнан тыс, стерильді инструменттер жоқ кезде дүниеге келсе хлоргексидинмен өңдеу керек.

Баланың кіндігі 21 күнге дейін түсу керек. Оған дейін түспесе, дабыл қағып дүрбелең салудың қажеті жоқ. Перзентханадан үйге келгеннен кейін бірден шомылдыра беруге де рұқсат береді қазір. Тек су тиіп кетпеуін қадағалау керек.

Дегенмен тез жазылуы үшін мына кеңестерге құлақ түргеніңіз абзал:

Ашық, ауада ұстау.

Жөргекпен жаппау.

Киіммен, жаялықпен қыспау.

Анасымен «теріге тері» контакт көп болу.

Тек таза су не физиологиялық ерітіндімен сүрту керек, содан кейін міндетті түрде құрғатып сүртесіз.

Ірің, қызаруы байқалса және 21 күннен кейін де жазылмаса дәрігерге көрсету.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар