3 жас пен 10 жас аралығындағы балалар жыныстық қатынас туралы не білу керек?
- автор kyn.kz
- 23 желтоқсан, 2021
- 1.4k
Осы кезеңде балада жынысы туралы тұрақты сезім қалыптасады. Бұл балалар гендерлік айырмашылықтарға өте қызығушылық танытатын, тақырыпқа белсенді қызығушылығы болатынын, ата-аналарына сұрақтар қоя бастағанынан білінеді. 3-4 жас сындай әңгімелер үшін ең жақсы кезең болып саналады. Kyn.kz порталынан осы жайлы ақпаратты толығырақ оқып біліңіз.
3-4 жастағы бала жыныстық қатынас туралы не білуі керек
Бұл кезең - ата-ана мен баланың бөлек киініп, жуына бастайтын кезеңі. Баланың сіздің жалаңаш бейнеңізге реакциясы мен оның ұялшақтығына назар аударыңыз.
Дене бөліктері туралы білімді арттырыңыз. Егер бұған дейін сіз "арнайы орын" деген сынды тек жалпы атаулар берсеңіз, енді анатомияға тереңдейтін уақыт келді.
5-6 жастағы баламен сөйлесу
Балалар өздерінің жынысы қандай екенін және болашақта ол өзгермейтінін, оған мамандық, шаш ұзындығы және т.б. факторлар әсер етпейтінін білетін уақыт келді. Осы кезеңде оларда жыныс туралы негізгі идеяларды, моральдық қағидаларды, жыныстық денсаулық, болашақ серігі туралы ойдың негізгі алғышарттары қалыптасады.
Бұл кезеңде талқылануы тиіс тақырыптар:
Негізгі сұрақтар мен жауаптар
- Баланың пайда болуы мен туу туралы толығырақ ақпарат.
- Махаббат туралы ақпарат.
- Балалар мен ересектердің айырмашылықтары.
- Егер сіз бұған дейін айтпаған болсаңыз, жасауға болатын және болмайтын әрекеттер туралы ақпарат беру керек;
- Өзінен басқа ешкім, дәрігерлер, анасы мен әкесінен басқа, баланың жыныс мүшелеріне ешкім қол тигізе алмайтынын айту.
7-8 жас: Бұрмаланған ақпарат туралы ескертетін уақыт
Егер бала осы тақырыпқа қызығушылық танытса, қарапайым тілде оған бар ақпаратты түсіндіріңіз. Бастауыш мектепке түсу кезеңінде баланың жыныстық қатынас туралы сізден емес, басқалардан бұрмаланған ақпаратты алу ықтималдығы едәуір артады.
Ұлыңызға не қызыңызға баланың пайда болуы туралы ақпаратты ғана емес, сонымен қатар жыныстық қатынас саласындағы принциптеріңіз, моральдық көзқарастарыңыз және құндылықтарыңызбен бөлісіңіз.
9-10: Денедегі өзгерістер туралы ашық әңгімелесетін уақыт
Бұл жаста денедегі өзгерістер: етеккір, дене түктері, гормондар және жыныс мүшелері туралы әңгімелер өзекті болмақ. Жыныстық қатынастың жақсы әрі жағымды екенін, бірақ тек ересектер үшін мүмкін екенін баса айта кетіңіз.
Сіз кішкентайыңызға ашулану қалыпты, бірақ адамдарды ұрып-соғуға болмайтынын түсіндірген боларсыз. Сол сияқты жыныстық қатынастар туралы түсіндіріп, оларды бастан өткеру қалыпты екенін, бірақ адам әрқашан өз іс-әрекетіне жауапты екенін үйретуіңіз қажет. Адамгершілік құндылықтарға қайшы келетін жағдайларда сезімнің жетегінде кетуге болмайтынын түсіндіргеніңіз жөн.