Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Дина Елгезек: Енді Назарбаевты "Елбасы" мәртебесінен айыру керек

Дина Елгезек: Енді Назарбаевты  "Елбасы" мәртебесінен айыру керек
ашық дереккөз

Бүгін сенат қарап, қабылдап, президентке қол қоюға жіберген ұсыныс Қазақстан халқы арасында қатты талқыға түсті. Қарапайым халықты алаңдататыны осы уақытқа дейін бас ұрып, табынып келген тұңғыш президентің соңынан депутаттардың қазіргі пікірі. Ал саясаткерлер болса ертеңгі, арғы күнгі жоспарларымен бөлісіп әуре.

Журналист Дина Елгезек сенаттың ұсынысы толық мақұлданатынына сенімді. Енді Назарбаевтан "Елбасы" мәртебесін заң бойынша алу керектігін, алмаған жағдайда ол атақтың салмағы қандай екенін түсіндірді, деп жазды KYN.KZ7

"Назарбаев Қауіпсіздік кеңесі және Қазақстан халқы ассамблеясын өмір бойы басқару құқығынан айырылды. Және Назарбаевтың өкілеті қысқарды.

"Тұңғыш президент туралы" заңның жаңа талаптары бойынша “ мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына байланысты бастамаларды елбасымен келісілуге тиіс” деген норма алып тасталды.
Енді Назарбаев мемлекеттік мәселелерге араласа алмайды! Бұл да бір шешілген іс болды. (Тоқаев заңдағы өзгерісті мақұлдап, қол қояды деген үміттеміз)

Қазір Назарбаевтың қолында "елбасы" статусы ғана қалды. Заң бойынша, бұл статус оны және оның отбасын қылмыстық қудалаудан қорғайды.

Заң алдында күллі азамат бірдей! Енді “Елбасы” мәртебесінен айыру қажет! Өйткені дәл осындай құқықтық құжаттарға сүйеніп, клан елде лаң салғанын ұмытпау керек. Және бұл заң біздің Ата заңымыздың 14-бабына қайшы!
14-бапта не делінген? Оқып көріңіздер:

  1. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.
  2. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.
    Ал “Елбасына” берілген статус бүкіл Қазақстан халқын кемсітіп отыр",- деді журналист Дина Елгезек.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар