Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ерлі - зайыпты Қанат пен Айтгүл Құдайбергеновтер: Бізді киелі сахнадан қуып жатыр

Ерлі - зайыпты Қанат пен Айтгүл Құдайбергеновтер: Бізді киелі сахнадан қуып жатыр
ашық дереккөз

Белгілі дәстүрлі әншілер Қанат пен Айтгүл Құдайбергеновтер өздерін 45 жыл еңбек еткен сахнадан Алматы облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы мен филармония басшылығы қудалап, жұмыстан кетіңдер деген талап қойды деп отыр. Халық сүйіп әрі ұйып тыңдайтын Құдайбергеновтердің домбырамен жанды дауыста сағаттап қоятын концерттері ел есінде.

Әншілер отбасы тура қазір халықтың қолдауына мұқтаж екендерін хабарлайды KYN.KZ.

"Құрметті Халайық, армысыздар! Біздер Алматы облыстық Сүйінбай атындағы филармониясында 45 жылға жуық жұмыс істеп келеміз. Еңбегіміз еленіп, мемелекеттік марапатта алдық. Енді облыстық мәдениет басқармасымен филармония басшылары бізді жұмыстан шығып, киелі Сахнаны босатыңдар деген талап қойып отыр.

Сідердің пікірлеріңіз қажет болып тұр. Нұрғали ағамыз, Бибігүл апайымыз, басқада сахна саңлақтары әлі күнге дейін өз ұжымдарында жұмыс жасап өнерлерін паш етіп жүр.

Филармониямызда бар жоғы төрт бес республикаға еңбек сіңірген өнер қайраткерлері бармыз бәрімізді зейнеткер деп сахнадан қуып шығу әділдікпе?

Кеиінгі өнерлі жастарға бетке ұстар облысымыздың мақтан тұтар өнер тарландары деп үлгі етудің орнына сахнадан кетіңдер дегені қаншалықты дұрыс деп ойлайсыздар?

Бәріміздің кәсіби деңгейіміз жоғары. Фонограма дегенді қолданбаймыз сағаттап ән салып күй тартуға бармыз халық үшін. Пікірлеріңізді күтеміз. Қанат Айтгүл Құдайбергеновтер ҚР. Еңбек сіңірген әртістері "Құрмет" орденінің иегері",- деп жазды ерлі- зайыпты әншілер желідегі парақшаларына.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар