Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тамақ бермей баланы қамап ұстаған:10 келі шығатын 5 жасар баланың жағдайы белгілі болды

Тамақ бермей баланы қамап ұстаған:10 келі шығатын 5 жасар баланың жағдайы белгілі болды
ашық дереккөз

2017 жылғы баланың жақын туысқаны әкесі мен өгей шешесі балаға тамақ бермей, байлап қоятынын айтып Көкшетау полициясына арызданған, деп хабарлайды KYN.KZ.

«Тексеру барысында 37 жастағы Көкшетау тұрғынының бірінші некесінен кәмелетке толмаған 3 баласы және екінші некесінен кәмелетке толмаған 4 баласы бар екені анықталды. Қазіргі уақытта ол екінші әйелімен тұрады», - деді полиция қызметкері.

Аталған тұрғынның үйіне учаскелік полиция инспекторы мен жауапты мекеме өкілдері барған соң баланың тамақсыз әбден әлсіреп кеткені белгілі болды. 5 жаса бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Бүгінгі таңда тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар