Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қарағандылық дүкеннен сатып алған шұжықтың ішінен «тіс» тауып алды

Қарағандылық дүкеннен сатып алған шұжықтың ішінен «тіс» тауып алды
ашық дереккөз
Қарағанды қаласының тұрғыны дүкеннен сатып алған шұжықтың ішінен ұзын, тіс тәріздес зат тауып алды, деп хабарлайды KYN.KZ. Қарағанды тұрғынының айтуынша, күнде барып жүрген дүкеннен бутерброд жасау үшін шұжық сатып алған. Алайда дайын болған бутербродты жеп отырған ол қатты әрі өткір бір затты байқап, қолына алған. «Оның ұзындығы сіріңке қорабының жартысындай келеді. Егеуқұйрықтың тісі секілді. Мұны мен жұтып қойсам ше? Шұжықты немерелеріме бермегенім жақсы болған», - деп жазды ол.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар