Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Әншілерден артық абыройым бар": Шиеліде күйеуімен концерт берген Айдарбекова "Дауысың жоқ" дегендерге жауап берді

"Әншілерден артық абыройым бар": Шиеліде күйеуімен концерт берген Айдарбекова "Дауысың жоқ" дегендерге жауап берді
ашық дереккөз
Көпшілік Гүлзира Айдарбекованың кез-келген оңай әнді бұзып айтатынын жазып ренжіген, тіпті ән орындамауын сұраған
Әнші болмаса да, жұбайымен қол ұстасып жүрген жерін ән айтып, қыздырып жүретін продюсер Гүлзира Айдарбекова тағы да елге жақпай қалды, деп хабарлайды KYN.KZ. Бұл жолы ол жұбайы Нұртас Айдарбековпен Қызылорда облысы, Шиелі ауданында жеке концерт берген көрінеді. Продюсер Шиелі халқының қонақжай, өнерсүйер екенін, өздерін өте жылы қарсы алғанын айтып, алғысын айтты. Оның сөзінше, тіпті билемейтін кісілер де залда орындарынан тұрып билеп кеткен. «Біздің жасымызға қарай жастар келе бермейтінін білеміз. Бірақ сол жастарға риза болғаным, ата-аналарына құрмет көрсетіп, концертке жібергендері көп болыпты. «Мұндай концерт болады деп ойламадық, өмірі билеп көрмегендер де билеп кеттік, жақсы демалдық» деп, керемет тілектер айтып елдер разылығын айтып, кезекпен суретке түсіп кетті. Біз де риза болып, соңғы адамға дейін ренжітпей бірге суретке түстік. Шиелі, рақмет! Бүгінгі күннен естелік болып лентамда тұра берсін. Общым Шиелі аудан орталығы керемет күтуде. Ел тыныш, жұртымыз аман болып, жақсы күндерде елмен қауыша беруді жазсын Алла», - дейді Айдарбекова. Әнді тыңдаған желідегілер ұнатпай, оның фонограмма екенін, сондай-ақ ұлы Қайрат Нұртастың фонограммамен ғана ән айтуды анасынан үйренгенін айтып, бетіне басып жатыр. «Ұялмаған әнші болады» дегенді саған арнап айтқан сияқты. Нұртастың әндерін көбі тыңдайды», «Өлең айтпай-ақ койшы», «Фонограмма аман болсын», «Қайрат та анасына тартып тұған бала екен тек фонограммамен ән айтатын», «Түк те даусың жоқ», «Осылар қоя салса да болады ғой». https://youtube.com/shorts/SiPLvbrlhA0?feature=share
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар