Басты жаңалықтар
«Біз сонда адам емеспіз бе»: Бурабайлықтар жылусыз отырғанын айтып шағымданды (видео)
- автор kyn.kz
- 9 желтоқсан, 2022
- 317
«Екінші Швейцария» атанған жер жәннаты Бурабайда тұрғындар жылу жоқ деп дабыл қақты. Жылусыз отырған тұрғындардың жанайқайын қоғам қайраткері Тәңірберген Бердіоңғаров әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ
Сырты жылтырап, іші қалтырап жатқан таулы өлкеліктердің айтуына қарағанда, мұнда жылудың өшкеніне біраз уақыт болған. Тұрғындар үйлерінде қалың киімдерін киіп, оранып отыр. Балалары қайта-қайта суық тиіп ауырып жатқан аналар билік басындағыларға үндеу жасап, тез арада жылу мәселесін шешіп беруін сұрады.
«Бізді тыңдайтын адам бар ма? Қашан бізге жылу беріледі? Балаларымыздың ауруы қашан тыйылады? Қарттарымыз қашанға дейін қалың киіммен оранып жатады? Қашан жылытқыштарды қосып қоюды доғарамыз? Қашанға дейін бұлай мазақ етпекшісіздер бізді? Бітпейтін «ертең» әйтеуір. Біз сонда адам емеспіз бе», - дейді жылусыз жатқан балалы ана.
https://youtu.be/sfRYvfSurek