Басты жаңалықтар
Қостанайда әкімнің көлігі мұз қатқан өзенге батып кетті (видео)
- автор kyn.kz
- 9 желтоқсан, 2022
- 629
Қостанай облысы Амангелді ауданы Байғабыл ауылдық округі әкімінің автокөлігі мұзға батты. Аталған жағдай әкім ауыл тұрғындарына мұз қаупі туралы ескертіп жатқан сәтте болды. Қуанарлық жайт, ешкім зардап шеккен жоқ. Бұл туралы KYN.KZ ақпараттық порталы хабарлайды.
Ауыл әкімдігі халық мұз үстінде жүрмеуі үшін өзенге ескерту белгілерін қойған. Алайда тұрғындар ескертулерді елемеген көрінеді. Оқиға болған күні әкімдікке адамдар мұз үстінде жүргені туралы хабар келіп түскен. Әкім ауыл тұрғындарына қауіп туралы ескерту үшін өз жүргізушісін орнына жіберген. Жүргізуші көлікті тастап, адамдарға қарай беттей бергенде мұз жарылып, көлік мұз астына батып кетті.
Қостанай облысы ТЖД Байғабыл өзеніне батқан көліктің шығарып алынғанын хабарлады.
https://youtu.be/Q3btm4TGXjw