Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ата-аналар балаларға жыныстық жәбір көрсеткендердің тиісті жазасын алуын талап етті

Ата-аналар балаларға жыныстық жәбір көрсеткендердің тиісті жазасын алуын талап етті
ашық дереккөз
Балалары жыныстық қорлықтың құрбаны болған ата-аналар балаға зорлық-зомбылық көрсеткен адам жынысы мен жасына қарамай, тиісті жазасын алуы керек деген талап қойды. «Жеткіншекке жыныстық жәбір көрсеткен өзі қатарлы бала болса да, сотталуы қажет» дейді олар. Бұл туралы KYN.KZ сайты хабарлайды. Бүгінгі таңда балалар  мен жасөспірімдерге жасалатын бұл сипаттағы зорлық бұрынғымен салыстырғанда әлдеқайда көбейген. Сонымен қатар «Не молчи» қоғамдық қорына жыл басынан бері қорланған 15 баланың ата-анасы хабарласқан. Көпшілігінің ұлдары жасы үлкендер тарапынан зардап көрген. Қажетті айғақ пен дәлел болса да, қылмыстық іс ретінде тіркелмеген, күдіктілер үстінен іс қозғалмаған. Мұндай сексуалдық қылмыстарды мектеп мұғалімдері мен полиция қызметкерлері қозғамай, жылы жабуға тырысады. Сондай-ақ жақында Қазақстанның тағы бір өңірінде бір үйдің екі бірдей баласы сексуалдық қорлықтың зардабын шеккен. Дерек бойынша, үлкен жастағы 3-4 жасөспірім жігіт екі балаға әлімжеттігін жасап, зорлығын көрсеткен. Ол жетпегендей барлық жасаған айуандық әрекетін телефонға түсіріп алған. Күдіктілер қолға түскенімен, «кәмелет жасына толмаған» деген сылтаумен жауапкершілікке тартылмаған.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар