Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақтөбелік зейнеткер үш айдан бері өзінің тірі адам екендігін дәлелдей алмай жүр

Ақтөбелік зейнеткер үш айдан бері өзінің тірі адам екендігін дәлелдей алмай жүр
ашық дереккөз
Емханадағы статист-дәрігер жеке сәйкестендіру нөмірінде бір санды қате жазып, ол өлілер тізіміне еніп кеткен
Ақтөбелік зейнеткер үш айдан бері өзінің тірі адам екенін дәлелдей алмай жүр, деп хабарлайды KYN.KZ. Ромахан Кенжебаев сол қателіктің зардабын әлі тартып жүр. Зейнеткер емханаға барып, өзінің бір күн бұрын қайтыс болғанын естіген. Сондықтан оның барлық құжаттары жарамсыз болып қалды. Емхана сол кезде қателігін толықтай мойындап құжаттарын реттеп берген. Бірақ үш айдан бері зейнеткер зейнетақысын ала алмай отыр. "Үш ай бұрын басталды. Мені өлтіріп тастады. Врачебная ошибка деп келіп бәрін істедік енді. Үш ай болды пенсиямды ала алмай жүрмін. Каждый день ертең, ертең, арғы күні ертең дейді",- қала тұрғыны Ромахан Кенжебаев. «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының облыстық филиалына зейнеткердің қаза болғаны туралы мәлімет 7 қазанда түскен. Заң бойынша келер айдан бастап зейнетақы төлеу тоқтатылған. Ал қателік кеткенін бұл орталықтың мамандары тек үш апта бұрын ғана естіпті. "Мәлімет анықталған бойда Азаматтарға арналған үкімет корпорациясының қызметкерлері барлық шараларды орындап Аталған азаматтың зейнетақысы алдыңдағы айдың 1-нен бастап жүргізілетін болады",- дейді  "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Ақтөбе облыстық филиялының PR- менеджері  Асылгүл Айдарова. Дереккөзі: Astanatv.kz  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар