Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қаңтар қырғынында жұмыс орнын тастап кеткен полицейлер 10 жылға сотталады

Қаңтар қырғынында жұмыс орнын тастап кеткен полицейлер 10 жылға сотталады
ашық дереккөз
Қазақстанда тәртіп сақшыларының  ішінде жұмысына немқұрайлы қарайтындар енді жазаға тартылады. Осындай жауапкершілікті қатаң ережемен бақылау арқылы полицейлердің  тәртібін түзету қолға алынды , деп жазды  KYN.KZ. Парламент Мәжілісінде "Әскери полиция органдары туралы" заң жобасы қаралып жатыр. Заң жобасын талқылау барысында Мәжілісмен Ерлан Саиров тәртіп сақшыларының жауапкершілігі туралы сұрады. "Қайғылы қаңтар кезінде Талдықорған қаласында, Жамбыл және Қызылорда облыстарында кейбір қызметкерлер жұмыстарын тастап кетіп қалған болатын. Прокуратура өкілдеріне сұрағым бар, осы орган басшыларына қандай шара қолданылды?", - деп сұрады Саиров. "Қаңтар оқиғасына қатысты ай сайын тиісті ақпаратты береміз. Қанша қылмыстық іс қозғалды, қанша адам жауапқа тартылғанын хабарлаймыз. Тиісті ақпарат қажет болса, тағы бере аламын", - деді бас прокурордың орынбасары Жандос Өміралиев. Ол 2022 жылдың желтоқсанында заңға тиісті өзгерістер енгізілгенін айтты. "Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің Төтенше жағдай кезінде жұмыс орындарын тастап кету, өкілеттіктерін асыра пайдалануы бойынша Қылмыстық кодекске жаңа бап енгіздік. Онда 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көрсетілген. Жоғарыда айтқанымдай, мен толық ақпаратты бөлек бере аламын", - деп жауап берді Бас прокуратура өкілі. дереккөзі:Tengrinews.kz
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар