Басты жаңалықтар
Перуашев: Өз халқымызды банктер жұмысы, отбасы бар "бомжға" айналдырып отыр
- автор kyn.kz
- 14 желтоқсан, 2022
- 242
Азат Перуашев отбасын асырау мақсатында несиеге батқан тұрғындарға араша түсуді ұсынды
Депутат Азат Перуашев отбасы, баласы, жұмысы бар, бірақ қаңғыбастың күйін кешіп жүрген қазақстандықтар туралы айтты. Сөзінше банктердің үлкен проценттік несиесіне шырмалғандар уақыт өткен сайын қарыздана түсіп, өмір сүру деңгейлері күн санап нашарлауда, деп жазды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
"Өкінішке қарай біздің еліміз экономикалық қиындықтардың талайын бастан кешірді. Адамдар жұмысынан айырылып, ішіп-жеуге табыс таппай қалды. тіпті банктердегі несиелерін төлей алмай қиналды. Банктер өз кезегінде халықты далаға лақтырып оларды бомжға айналдырды.
Біз жиырма бірінші ғасырда, дамыған мемлекетте мұндайға жол бермеуіміз керек. Жұмысы, отбасы, қоғамда жұмысы бойынша жауапкершілігі бар адамдарды, өз халқымызды "бомж" етуге жол бермеуіміз керек. Мемлекет ретінде біз өз халқымызды азаматымызды осындай халге түсіруге жол бермеуіміз керек",- деді Перуашев.