Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Имам ене мен келіннің тату-тәтті болуының шарттарын атады (видео)

Имам ене мен келіннің тату-тәтті болуының шарттарын атады (видео)
ашық дереккөз
Белгілі имам, ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы қазіргі қазақ қоғамындағы келін мен ене арасындағы қарым-қатынас жайлы сөз етіп, екеуінің ұрыс-керіссіз бір шаңырақ астында тату тұруының ең ұтымды жолдары мен шарттарын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ. Оның айтуынша, бүгінгі жастар отбасыға құруға дайындалып келмейді. Ал бұл олқылықтың орнын толтыратын тек енелер екенін баса айтты. «Қазір енелер көбірек ақылға жүгіну керек. Өз тәжірибемде көп көргенім – қызбала болсын, ұлбала болсын, отбасылық өмірге дайын емес. «Бала өсті, болды үйлендіру керек, қызбаланың бойы өсті, тұрмысқа беру керек» дейді. Бірақ олар жан-дүниесінде екеуі де дайын емес. Екеуі де әлі ойыншық ойнап жүрген бала секілді. Демек не істеу керек? Әр нәрсенің шешімі бар. жаңағы ене деп тұрған анасы ғой баланың. Сол ана сынау деген нәрсені алып тастау керек. «Мен көрейін бұл не істей алатынын. Қалың малына лайық па» деген сынды алып тастау керек. Қалай болғанда да, жамандығын жасырып, жақсылығын асырып, өз қызындай көріп, сол отбасыға сіңіп кетуіне көмектесуі керек. Себебі енесі өмір көрген кісі ғой, тәжірибе жетеді ол кісіде», - дейді имам. https://youtu.be/laZjqruojOc
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар