Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Әнші Жұлдыз Айқынның төрт баласын да баспанамен қамтамасыз етіп қойғанын айтты

Әнші Жұлдыз Айқынның төрт баласын да баспанамен қамтамасыз етіп қойғанын айтты
ашық дереккөз
Әнші әрі актриса Жұлдыз Өмірғали Айнұр Ильясованың «MOM’sкий әңгіме» подкастына берген сұқбатында жеке өмірі туралы айтып, жұбайы Айқынның бірінші некесінен туған перзенттеріне деген көзқарасын тілге тиек етті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпараттық порталы. Әншінің сөзінше, Айқынның бірінші некесінен туған балаларымен қарым-қатынасы жақсы. «Балалар есейді, мектепке барып жүр. Балалармен қарым-қатынас жақсы, шүкір. Бәрібір анасының кім екенін, менің кім екенімді біледі. Басында Асылым мені «мама» дейтін. Қазір «тәте» дейді. Барынша жақсы қарауға тырысамын. Өзім әкеден ерте айырылған соң, әкенің орны бөлек екенін білемін. Сондықтан араласуына қарсылығым жоқ. Әрқашан оларды құшақ жайып қарсы алуға дайынмын», – дейді Жұлдыз. Сонымен қатар әнші күйеуінің 4 баласын да қазірден баспанамен қамтамасыз етіп қойғанын айтты. «Қазір үлкен ұлында коттедж үйі бар. Қызында үш бөлмелі пәтер бар. Қазір тұрып жатқан үйімізді Аяның атына қалдырады. Ал жаңадан салынып жатқан үйді «Санжардың атына қалдырамыз» дейді. «Кейін Санжар бізбен тұруға келіспесе, өзімізге үй салып аламыз. Сол жағынан Айқынның маған азамат ретінде, ер адам ретінде уәдесінде тұратыны ұнайды. Балаларының болашағын уайымдайды. Әр адам өз үйі болғанын қалайды ғой. Біреулер жылдар бойы соған ақша жинайды. Ал Айқын балаларының өмірдегі алғашқы баспалдағын дайындап қойды. Ол «Балалар тірнектеп үй алғанша, ақшасын білімге, өздерін дамытуға, ел аралауға жұмсаса екен» деп ойлайды»,- дейді әнші.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар