Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Інімді өлтірген адамды да кешірді": Нұрлан Өнербаев марқұм әкесін еске алып, көз жасына ерік берді

"Інімді өлтірген адамды да кешірді": Нұрлан Өнербаев марқұм әкесін еске алып, көз жасына ерік берді
ашық дереккөз
Әнші Нұрлан Өнербаев «Хабар» арнасындағы «Әке бақыты» бағдарламасында қонақ болып, әкесінен алған тағылымын, оның өмірлік жолы мен адамгершілігі туралы баяндады, деп жазады KYN.KZ. «Әкем қайтарда қиналып жатты, сезіп отырдым. «Әке, көңіліңіз нені қалайды?», деп сұрадым. Сонда әкем маған естіртіп: «Қауын, қарбыз жегім кеп жатыр», деді. Артымда отырған інілеріме естіртпей, тек мен ғана еститіндей сыбырлап айтты. Өзінің әлсіздігін көрсеткісі келмесе керек... Бұл қаңтар айы болатын. «Қыста қауын-қарбызды қайдан табамын?», деп едім: «Сарыағаш деген жерде қыста қауын сатады», деді. Таныс жігіттер арқылы бір қарбыз, екі қауын алдырдым. Әкем қарбыз жемеді, тек екі тілім ғана қауын жеді. Сөйтіп, өзінің құмарын басты. Мен қазір әкемнің жасына келдім. Кейде әкем, әжемнен алған үлгі-өнегені балаларым мен немерелеріме қандай деңгейде көрсете алып жүрмін деп ойлаймын. Менің әкемнен алған өнегем көп», - деді әнші. Сондай-ақ Нұрлан Өнербаев әкесінің барлық баласын кешірімді болуға үйреткенін айтты. «Өте кең, кешірімді жан болатын. Тіпті, менімен тете өскен інім қаза тапқан соң, оның өліміне кінәлі жанды да кешірді. Соққан көлік иесінің артында кішкентай балалары бар екен. «Кеткен адам кетті, енді кешірім беріңіздер», - деп алдымызға келді. «Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш» деген қазақпыз ғой. Әкем кешірім берді. Бізге де соны үйретіп отырды», - деді өнер жұлдызы.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар