Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Еліміздің бас генетигі Ақтөбеде қатерлі ісік аурулары бойынша емделудің тиімді жолдарын атады

Еліміздің бас генетигі Ақтөбеде қатерлі ісік аурулары бойынша емделудің тиімді жолдарын атады
ашық дереккөз
Дәрігер әр азаматты өз денсаулығына немқұрайлы қарамауға шақырды, себебі қазір қатерлі ісіңтің өзі жыл санап мутацияға ұшырап құбылып, өршіп жатыр
Қаңтардың 18-і Ақтөбе қаласының «Облыстың перинатальды орталығында»  ҚР ПІБ Медициналық орталығы Ауруханасы мамандары шеберлік сағаттарын өткізіп, «дөңгелек үстелге» қатысып қайтты. Шара аясында Президенттік клиника жанындағы геномдық диагностика зертханасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Гүлшара Абильдинова ана мен бала денсаулығын сақтау, генетикалық патологияны диагностикалаудың заманауи әдістері туралы баяндама жасап, тәжірибесімен бөлісті.  Дәрігердің айтуынша, қазіргі уақытта онкологияда парадигмалар өзгеріп, ісіктің мутациялы күйі туралы білімге негізделген дербестендірілген терапия енгізілді. Мутация күйін жан-жақты зерттеу, дұрыс ем қабылдауға, мақсатты терапияны тағайындауға мүмкіндік береді. Міне, осындай мүмкіндікке еліміздің кез-келген тұрғыны заманауи технологиялармен жабдықталған, білікті мамандары бар ҚР ПІБ МО Ауруханасында қол жеткізе алады.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар