Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бір күнде партия мен парламенттен қуылған Әбілдаев: 6 балам бар, Ресеймен дос болған дұрыс

Бір күнде партия мен парламенттен қуылған Әбілдаев: 6 балам бар, Ресеймен дос болған дұрыс
ашық дереккөз
Саясаткер 1945 жылғы жеңіс белігісі ретінде өз ауылында ескерткіш тұрғызғанын айтты
Мәжіліс депутаты Қазақстанның стратегиялық одақтасы – Ресейді ашық қолдап, бір күннен кейін парламенттен қуылды. Ол қазір осы жағдай туралы не ойлайтынын  айтып берді, деп жазды KYN.KZ сайты Sputnik порталына сілтеме жасай отырып
 Азамат Әбілдаев VII шақырылымдағы мәжіліс таратылғанға дейін екі жылдан сәл астам уақыт ешқандай дау-дамайсыз жұмыс істеді. Бірақ дәл соңғы күні қоғам назарын аударған оқиға болды.
"Мен Украинада жүргізіліп жатқан ресейлік арнайы операцияны және Путинді қолдайтынымды, оның дұрыс екенін айттым, – деп түсіндірді Азамат Әбілдаев .
– Саналы түрде айттым. Барлық саналы адам болып жатқан жағдайды түсініп отыр.
Біздің елде ұлтшылдардың қолына билік тисе, олар жағдайды соғысқа жеткізеді. Олар мұны баяу бастайды. Қазір ақылдылар аз, ешкім кітап оқымайды. Олар ешқашан билікке келмейді, бірақ оны кейінірек пайдаланады, оларды ұлтаралық алауыздық тудыруға қолданады. Айтқаным осы ғана".
– Сіздің партияңыз неге мұндай шешім қабылдады?
– Менің ойымша, бұйрық та болған. Мұның бәрі саяси технология. Украинада да дәл осылай басталды. Олар мұны бос сөз деп ойлады. Бірақ бауырлас халықтар арасында алдымен алауыздық, содан кейін қақтығыс туындады. 2008 жылы осылай болды, одан соң 2014 жылы Майдан болды.
Бірақ Ресейсіз Қазақстан ұзаққа бармайды. ҰҚШҰ болмаса, бәріміз отқа оранар едік. Қырғызстан да, Өзбекстан да. Дәл араб елдері сияқты отқа оранатын еді.
Енді бұдан да сорақы болады. Өйткені өз ойын білдірген әлгі депутатты бір күнде партиядан шығарып тастады, мандатынан айырды деп қорқады да, үнсіз қалады. Ал ұлтшылдар керісінше күшіне енеді.
– Мәжілістің жаңа сайлауына қатысасыз ба?
– Егер мені бір күнде алып тастамаса, барар едім. Бәрі осылай болмағанда, бір мандатты депутат ретінде барар едім. Бірақ бәрін бақылап отырады. Ендеше, несіне барамын.
Бізде сайлау қалай өтетіні бұрыннан белгілі. Кім өтеді, кім өтпейді, мұның ешқандай құпиясы жоқ. Бір жарым жыл күтетін шығармын, мүмкін бірдеңе өзгерер, мүмкін саналы адамдар келер. Ауылға сиыр бағуға барамын. Мен ауыл шаруашылығы саласының қызметкерімін, – деп күлді Әбілдаев (2021 жылдың қыркүйегінен бастап ол "Қазақстан ет одағы" басқарма төрағасы).
Мен Украинадағыдай Майдан болғанын қаламаймын. Өйткені алты балам бар. Көпшілік мені қолдайды деп ойлаймын, бірақ қорқады.
Бұл басшылыққа байланысты шығар. Пікір білдіргені үшін партиядан және мәжілістен шығаруға болмайды... Бірақ отқа май құйып жатқандар бар секілді.
– Сіздің пікіріңіз өзгерген жоқ па? Осы жағдайға қарамастан, сіз Владимир Путинді және арнайы әскери операцияны қолдайсыз ба?
– Әрине. Ресеймен бөлісетін ештеңеміз жоқ. Халқымыздың 80%-ке жуығы орысша сөйлейді. Шоқыну мерекесінде суға шомылғандардың он проценті славяндар, қалғаны мұсылмандар болды. Тату ел.
Ұлтаралық алауыздық тудыру ақырындап жасалып жатыр. Дәл қазір осыны тоқтату керек. Ұлтшылдар тек өздерін ғана жақсы көреді, басқа ұлттарды жек көреді. Ал Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Мұнда 130 ұлт өкілдері тұрады. Ал содан кейін не болады? Азамат соғысы болады.
Адамдар ұлтшыл мен патриот деген ұғымдарды шатастырады.
Мен Кеңес Одағында тудым, біздің замандастарымыздың көзі кеткенде жаман жағдай болатын шығар. Жеңіс күні, соғыс – мұны бәріміз білеміз. Мен өз ауылымда Жеңістің 70 жылдығына ескерткіш орнаттым.
Адамдар ол соғыс бізге қажет емес еді, немістер жеңсе жақсы болар еді, сонда біз жақсы өмір сүрер едік деген пікір айта бастағанда ескерткіш орнаттым. Ардагерлердің есімдерін сол ескерткішке жаздырттым. Сонда олар ата-бабалары азаттық үшін күрескенін көрсін дедім.
– Ауылға орнаттыңыз ба?
– Иә, балалар осылай сөйлей бастады. Айналада не болып жатқанын түсіну үшін аздап ойлану керек.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар