Басты жаңалықтар
Тур агенттікті жарнамалап қажы атанған шоу бизнес өкілдері сынға қалды
- автор kyn.kz
- 30 қаңтар, 2023
- 288
Бибігүл Дәулетбекқызы сахнада жартылай жалаңаш жүріп, енді хиджап киюді "трендке" айналдырған жұлдыздарға шүйлікті
Бибігүл Дәулетбекқызы бүгінде қажылықты сәнге айналдырып, желіде оранған шоу бизнес өкілдеріне шүйлікті. Кезінде жартылай жалаңаш жүретіндердің тур агенттіктерді жарнамалау үшін, қажылыққа барып, оны жарнамалауы және артынан орамалды шешіп тастауы журналистің ашуына тиген, деп жазды KYN.KZ.
"Instagram желісін ашсаң болды, алдыңнан Меккеде жүрген шоу-бизнес сайқымазақтары "Умрада жүрмін" деген суреттерін жарыса салуда. Кеше ғана бір жерін жалтыратып жүрген әншілерің шеттерінен орамалға бүркеніп жатыр.
Өз қалауы, бірақ сол біреулер миллиондаған қыз-келіншектің миын улайды да, сол хиджабын қайта шешіп тастайтынына жыным ұстайды. Немене Меккеге бару сән болып кеткен бе?! Соларға "Сендер өзі соңғы рет бұл дүниеден өткен ата-әжелеріңнің, жақындарыңның зиратына қашан бардыңдар?" деп сұрақ қоямын. Әруақ риза болмай - тірі байымайды. Осылай кете берсек, "бір күні Ауған еліне айналамыз ба" деп қорқамын", - деп жазды тележүргізуші.
Бұл жазбадан кейін тележүргізушінің оқырмандары бірі қолдап жатса, екінші бір тобы "әр кімнің өз таңдауы бар",- деп ойларын ортаға салып, жарыса жазуда.