Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Әскерден аман оралған ұлына той берген ата-ана көпшілікке жақпай қалды (видео)

Әскерден аман оралған ұлына той берген ата-ана көпшілікке жақпай қалды (видео)
ашық дереккөз
Жігіт әскери киімін киіп, ту жамылып, ағайын - туыс жиналған ортаға әнмен крген
Әскери борышын өтеп, өзі өскен ортаға аман оралған жігіттің туыстары тойханаға бар туысын шақырып той берген, деп жазды KYN.KZ. Әдеттегі тойлардай келген қонақтар дастарханға жайғасып, себепкер әнмен ортаға шығарылды. Жігіт әскери киімін киіп, ту жамылып, әншілер тақырыпқа сай әндетіп, кеш көңілді өткен. Бірақ бұл видеоны көрген жұрт түрліше пікір білдіріп жатты. Бірі еріккендік десе, тағы өзгелері аман келгеніне қуанған ата - ананың жасап жатқан қуанышы болар деп топшылады. Соңғы кездері еліміздің біраз өңірінде сарбаз өліміне қатысты түрлі даулы жағдайлар орын алды. Қазіргі күннің өзінде әскери борышын өтеп жүріп мерт болған азаматтардың қылмыстық ісіндегі оқиға желісі жұртты шошытарлық шытырман жағдайға толы. Содан болса керек, енді әскерден аман оралғанды тойлау әдетке айналар түрі бар. ТОЙДЫҢ ВИДЕОСЫ ОСЫ ЖЕРДЕ    қызыл жазуды екі рет басып кіріңіз.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар