Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Мақпал Жүнісова журналистің анасына жомарттық танытып, ерекше сыйлық тарту етті (видео)

Мақпал Жүнісова журналистің анасына  жомарттық танытып, ерекше сыйлық тарту етті (видео)
ашық дереккөз
Жүнісова: Өзім бұл той туралы жолда есітіп, не сыйлаймын деп абдырап қалдым
Қазақтың ерке қызы Мақпал Жүнісова  журналист Мақсат Толықбайдың өтінішімен тойға ән салуға барған. Ол жерде Мақсат Толықбай анасының 60 жасқа толуына байланысты туған-туыстың басын мейрамханада жиған екен. Әнші тойдан шығып, тойға қарай жолға шыққанын айтып, барша  тойшыл қауәмдә аузына қаратты, деп жазды KYN.KZ. "Жаңа  маған Мақсат хабарласты. "Анамның туған күні еді, келіп, әнсалып берсеңіз" деді. Өзім Алтынбек ағамның тойына барған едім. Сол жерден осында қарай қашып келдім. Мақсатты сыйлағандықтан. Бірақ, мен не сыйлаймын? Үйден шығып кетіп едім дедім бірден. Сөйтсем  "сыйлығыңыз әніңіз ғой дейді". Содан әрі ойланып, бері ойланып, Мақсаттай мықты журналисті өсіріп баққан Алмагүл құрдасыма қолымдағы бриллиант сақинамның бірін сыйлыққа берейін деп шештім. Ал, қолыңызды әкеліңіз",- деген  Мақпал Жүнісова тойхана төрінде журналистің анасына сақинасын шешіп берді. Тойдағы халық әншінің жомарттығына тағыда таңдана қарады. Ал, Мақсат Толықбайдың анасы болса әншіге алғысын жаудырды. Қызықты сәттің видеосы осында
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар