Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шәкірттері Алтынбек Қоразбаевтың 75 жасына ерекше тосынсый жасады (видео)

Шәкірттері  Алтынбек Қоразбаевтың 75 жасына ерекше тосынсый жасады (видео)
ашық дереккөз
Алтынбек Қоразбаев  биыл 75 жасқа толды.  Әнші әрі сазгер Қоразбаевтың мерейтойына орай алдымен концерт, артынша мейрамханада  өнер майталмандарының басын қосқан үлкен той болды, деп жазды KYN.KZ. Тойда беделді әншіні құттықтап келген  адам қарасы көп болды. Солардың ішінде ерекшеленгені сазгердің шәкірттері. Мейрамбек Беспаев пен Тоқтар Серіковті бала күнінен сахнаға шығарып, барша қазақ халқына сол кездің хиттерін ұсынған продюсер Алтынбек Қоразбаев еді. Ол сұхбаттарының бірінде Мейрамбек пен Тоқтарды көп баланың арасынан қалай таңдап алғанын, ата- аналарынан рұқсат алып, олардан өз қолымен қалай жұлдыз жасағанын әңгімелеп берген еді. Расымен де  Алтынбек Қоразбаевтың көзі түскен сол күнгі оқушылар бүгінге дейін халық алдында, ел назарында. Қалың жұрт олардың салған әнін  әлі күнге сүйсіне тыңдайды. Сол еңбектің өтеуі болсын деген шәкірттері Алтынбек Қоразбаевқа көлік мінгізіп, рақметтерін айтты. Қоразбаевқа шәкірттерінің сыйлықты берген сәті осында
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар