Басты жаңалықтар
88 рет заңды түрде үйленген 61 жастағы ер адам өз құпиясын ашты
- автор kyn.kz
- 6 ақпан, 2023
- 324
Абок: Мен әйелдермен заңсыз көңіл жарастыруға қарсымын. Оларды тұрмысқа шығуға көндіретін сиқырым бар
Индонезиялық 61 жастағы ер адам «әйелдер патшасы» деген лақап атқа ие болды. Ол 87 рет үйленіп, 88-ші некесін қидырмақ. Абак аймақта өзінің махаббатқа тойымсыздығымен танымал. Ол үнемі ережелерді ұстанып өмір сүреді: егер ғашық болса, дүркіретіп үйлену тойын өткізеді. Интимдік өмірге деген сүйіспеншілігінен оған жиі үйленуге тура келеді.
«Мен оларға күнәға бой алдырғаннан гөрі үйленгенім жақсы», - дейді кәрі күйеужігіт.
Атасы өмір бойында 87 рет үйленген. Ал қазір Абактың өзі 88 некесіне дайындалуда. Оның сүйіктісі – бұрыннан жақсы көретін әйелдерінің бірі. Абак әйелдерді магнит сияқты тартып тұратын көрінеді. Шынында да ол төсекте арнайы жасалған құпия дәрі ішеді. Ол дәріні өзі түрлі шөптерден, өсімдік тамырлары мен жаңғақтардан дайындаған.
Әйелдер оның төсек қатынасындағы "мықтылығына" басы айналып, айтқанына көне кететін көрінеді. Абактың өзі болса көзіне түсіп, жүрегін қозғаған сұлуды көрсе оны ертерек жаулап алуға тырысатынын ашық айтады.
"Әйелдер де ер адамдар сияқты махаббатта әлсіз болады. Тек оларды алдымен сөзбен, одан кейін іспен ғашық етуге тырысамын. Менімен бір жақындасқан әйел басқаны іздемейді",- дейді 61 жастағы ер адам.