Басты жаңалықтар
Түнгі сағат үште мектептің алдын торуылдаған оқушы қыздың әке-шешесі жазаға тартылды
- автор kyn.kz
- 7 ақпан, 2023
- 426

Елордада түнгі сағат үште сөмкесін арқалап, мектептің алдын торуылдаған оқушының әке-шешесі жазаға тартылды. Бұл туралы polisia.kz хабарлады, деп жазды KYN.KZ.
Оқушы ұйқысынан оянғанда үйіндегі сағат 07:00 болған. Бұзылған сағаты таң атқанын көрсетіп, мектебіне аттанған қызды көрген жергілікті тұрғындар жедел түрде полицияға хабар берген.
«Астана қаласының 26 мектеп жанында кәмелетке толмаған баланың жүргені туралы хабарлама түсті. Бұл хабарлама бойынша полиция қызметкерлері дер кезінде кәмелетке толмаған баланы тауып оны ата-анасына тапсырды. Жасөспірімнің ата-анасына ҚР ӘҚБ туралы кодексінің 442 бабы 2 бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды», - дейді Астана қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Нұралы Тәңірбергенов.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
«Қар аралас жаңбыр»: 19 сәуірге арналған ауа райы болжамы
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 сәуір, 2025