Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Перзентханада асыр салып жүрген тышқандар жүкті әйелдерді мерзімінен бұрын босандыра жаздады

Перзентханада асыр салып жүрген тышқандар жүкті әйелдерді мерзімінен бұрын босандыра жаздады
ашық дереккөз
Атырау перзентханасында тайраңдап жүрген тышқандар аяғы ауыр әйелдердің зәресін алды, деп хабарлайды KYN.KZ. Перзентхана палатасын әбден иемденіп алған кішкентай кеміргіштерді көрген келіншектердің бірі оның сүйкімді екенін айтса, екіншісі шошыған. Аталған жағдай перзентхана қызметкерлеріне ескертілсе де, ондағылар ешқандай шара көрмеген. Жағдайға байланысты күрделі жөндеуден өтіп жақтан Перинаталдық орталық уақытша модульді ауруханаға көшірілді. Модульді аурухана қаладан тыс  жерде орналасқан, сондай-ақ құрастырылған ғимарат болып шықты. Мұндағы ақ халаттылардың айтуына қарағанда, кеміргіштер бүгін ғана емес, бұған дейін де көрініп, басқа да бөлімдерді мекен еткен. Алайда жүкті келіншектер палатасында болмағанын алға тартып, залалсыздандыру жұмыстарының өз уақытында жасалып жүргенін айтты. «Әкімшілік, шаруашылық бөліктен көрдік. Бөлімшеде біз үнемі жоспарлы деротизациялық жұмыс жүргіземіз. Және болған жоқ еді бұған дейін. Антропоноздық инфекцияның ошағы деп айтылады. Бірақ бұл дала тышқаны ондай қауіп тудырмайды. Ия, әрине болмағаны жөн. Енді деротизациялық жұмысты жиілетіміз, айына бір рет болса, енді екі рет өткіземіз осы айдан бастап», - дейді Облыстық перинаталдық орталықтың дәрігер-эпидемиологы Эльмира Ерғалиева.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар