Басты жаңалықтар
Шулық әйелге 3 млн теңгеге баласының бостандығын уәде еткен алаяқ құрықталды
- автор kyn.kz
- 7 ақпан, 2023
- 360

Жамбыл облысының тұрғынына ұлын түрмеден шығарып беремін деп уәде еткен алаяқ қашып кетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Шудың 57 жастағы тұрғыны берген мәліметке сүйенсек, алаяқ әйелдің түрмедегі ұлын босатуға көмектесуге уәде берген. Қызметіне 3 миллион теңге сұраған ер адам түрлі сылтау айтып ақшаны алып, артынша тайып тұрған.
Аталған іске қатысты ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Шу ауданының полиция қызметкерлері 32 жастағы жергілікті тұрғынды құрықтады. Істің мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу шаралары жүргізілмек.
Аталған қылмыс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінде мүлік тәркіленіп, 2 жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
«Қар аралас жаңбыр»: 19 сәуірге арналған ауа райы болжамы
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 сәуір, 2025