
Талдықорғанда 18 жасар жігіт өз әкесін өлтіруде күдікті ретінде ұсталды, деп хабалайды KYN.KZ ақпараттық агенттігі.
50 жастағы ер адамның денесі 6 ақпан күні Көктал ықшамауданындағы жеке үйлердің бірінен табылды. Құқық қорғау органдары жігіттің ас үй табасымен әкесін өлгенше соққының астына алғанын мәлімдеді.
Бүгінгі таңда ҚР ҚК-нің 99-бабына сәйкес «Кісі өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі басталды. Қылмыс құралы тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына заттай дәлелдемелер ретінде тіркелді.
Қылмыстық іс бойынша қажетті сараптамалар жүргізілді. Күдікті ұсталып, қамауға алынды.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
«Қар аралас жаңбыр»: 19 сәуірге арналған ауа райы болжамы
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 сәуір, 2025