Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Арман Дүйсенов өлерінен бұрын қарындасына "Ұлым орнымды басуға дайын" дегенді айтқан

Арман Дүйсенов өлерінен бұрын қарындасына "Ұлым орнымды басуға дайын" дегенді айтқан
ашық дереккөз
Композитор соңғы кезде дос туралы көп толғанып, көп ән жазып, жақын досына ренжулі болған
Танымал әнші Индира Елемес Арман Дүйсенов қайтыс болардан екі күн бұрын кездесіп, наурызға жоспарланған концерт бойынша кездескен. Әншінің сөзінше кездесу барысында копозитор  отбасы, достары, әдемі естеліктері мен көңілді сәттер жайлы көп айтқан. Тіпті өмірмен қоштасарын білгендей, маңызы бар дүниелерге үлкен толғаныспен көсіле ой айтқан, деп жазды  KYN.KZ тілшісі. "Арман ағатай өмірден сейсенбіде өтті ғой. Біз дүйсенбіде кешке бетпе-бет сөйлестік. Ұзақ әңгіме болды, қуанышты болдым. Ол бейсенбіде жұмыс бабымен және денсаулығына байланысты қаралу үшін Ыстанбұлға ұшуы керек еді. Жаңа жылда ол отбасымен болды. "Ол кез (жаңа жыл - еск.) өмірімдегі ең қуанышты, бақытты сәт болды, қарындас. Абзалтайымның мені мыжғылағанын көрсең ғой. Мен бұл өмірде арманыма жеттім деп ойлаймын. Абылайымды (Арман Дүйсеновтің ұлы - еск.) мықты тәрбиелеппін. Ол қазір менің орнымды басуға әбден дайын" деді. "Аға, орнымды басады дегеніңіз не?" деп қалдым. "Жалпы айтып жатқаным ғой" деп махаббатпен, керемет сезіммен жауап қайтарды", – дейді Индира Елемес. Әншінің айтуынша, Арман Дүйсенов ұзақ уақыт күйзелісте болған. "Ол кісі төрт айдай күйзелісте болды. Дүйсенбіде "Бейсенбіде Ыстанбұлға кетемін, бәріне көрсетемін" деп еді. Ол түрік тілінде еркін сөйлейтін. 22 наурызда Ыстанбұлда концертіміз жоспарланған еді. Кейінгі уақытта дос туралы көп өлең шығарды. Бір досына реніші болған сияқты", – дейді әнші композиторды еске алып.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар