Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қаңтар оқиғасы: Талдықорғанда күдіктілерді азаптаған полицейлер сотталды

Қаңтар оқиғасы: Талдықорғанда күдіктілерді азаптаған полицейлер сотталды
ашық дереккөз
Талдықорған қалалық соты бес полицейге қатысты үкім шығарды. Барлығы қаңтар оқиғасы кезінде адам азаптады деп айыпталған, деп хабарлайды  KYN.KZ  сайты соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сот материалдарына сәйкес, 2022 жылы 6 қаңтарда бесеуі азаматтық киім киіп алып, қалалық полицияның әкімшілік ғимаратында 23 күдіктіні азаптаған. Ұсталғандар бөлімшеге шабуыл жасап, қару-жарақ пен оқ-дәрі ұрлады деген күдікке ілінген.
Прокурор біреуін бес жылға, екеуін төрт жылға, тағы екі полицейді үш жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Ал жәбірленушілер оларды кешіріп, соттан оларды бас бостандығынан айырмауды сұрады.
Заң бойынша ондай қылмыс үшін 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Жазаны жеңілдететін мән-жайлар да ескерілді. Атап айтқанда, полицейлер өз кінәсін толығымен мойындап, келтірген зиянды өз еркімен өтеп берді. Сосын төртеуінде кәмелетке толмаған балалары бар. Дегенмен, жазаны ауырлататын мән-жайлар бар.
Біріншіден, тәртіп сақшылары төтенше жағдай кезінде заң бұзған. Екіншіден, қабылдаған анттарын бұзды.
Соттың шешімімен бес полицей кінәлі деп танылып, 3 жылдан 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Бесеуіне де 3 жылға құқық қорғау органдарында қызмет атқаруға тыйым салынды. Барлығы полиция қатарынан шығарылды.
Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар